Қызығушылықты ояту | а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері) -Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата. -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата. -Санның (50, 76, 94) көршілерін ата. -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген. -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын. -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, …, 40). -Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық? ә) Зейінділікке есеп. Үстел үстінде 10 алма жатыр еді.Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр? | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану -Бүгінгі біздің сабағымызда қандай санау бірлігі негізгі болып табылады? Оқулықпен жұмыс №1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет. Ондықтарға ондықтарды қосады. Ондықтарды ондықтардан азайтады. №2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды.Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30). Мысалы: -53 және 30 сандарының қосындысы; -Бірліктерге бірліктерді қосу; -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу; -Ондықтарды ондықтарға қосу; -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу; -Қосындының мәні 83. №3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды. №4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы. Болғаны-? 12 12 Бергені-2қ. 2 ? Қалғаны-10қ. ? 10 10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ) Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді. |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады |