Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін табуда көбейту мен қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану, білімдерін бекіту;
2. Оқушылардың шығармашылық ойы мен математикалық тілін дамыту.
3. Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын-сұрақтар.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, сызба ,
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1.Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр ?
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Былтырғы жылдан бастап 1-желтоқсан тұңғыш Президент күні деп аталатын болды.
Тақпақтар:
1 - оқушы: Айжан :
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы.
2 - оқушы:Аружан :
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
3 - оқушы: Саадия:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
4-оқушы Ақерке :
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
2.Бейнебаян « Бәріміз біргеміз Қазақстан!»
- Елбасымыздың қандай шығармалары бар?- Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Елбасымыз жазғанын ұмытпаған жөн.
- Н. Назарбаевтың есімі Нұсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.
- Н. Назарбаев неше жыл өз міндетін атқарып келеді? -Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр.
- Балалар тұңғыш президенттін мұражайына кім барды? Тұңғыш президент мұражайы Астана қаласында бұрынғы резиденциясында орналасқан. Бүгінгі сабақта біз сендермен сол мұражайға саяхат жасаймыз.
« Аманат» бағдарламасына назар аударайық.
ІІ Жаңа сабақ
1.Атамекен залы 1- тапсырма.
А) Дәптеріңе кез келген тік төртбұрыш сыз да, оның ауданын әр түрлі тәсілмен есептеп тап.
Ә) Дәптеріңе кез келген шаршы сыз да, оның ауданын әр түрлі тәсілмен есептеп тауып көр.
Б) Ұзындығы 5 см, ал ені 4 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.
2. Алғашқы жұмыс кабиненті 2- тапсырма
А) Ауызша есепте:
200*3 24:3 25:5 720:9
200*4 24:4 35:7 320:8
200*5 24:6 36:6 560:7
Ә) 32:8*6:3+6*8-17 21:328:7+8*3+4*5
30:5*3:2:3 35:5*2+16:8*4
5*8-44*7+13-12 7*6+40:5:2*7-19
3. Күміс залы 3-тапсырма
1сағ 38с = … c 2тәул. 12 сағ = … сағ
1 cағ 35 мин = … мин 1сағ 27 мин = … мин
1тәул.18 сағ = …сағ 1 мин 23 с = … с
ІІІ. Сергіту сәті «Фиксики»
4.Тәуелсіз мемлекет 4- тапсырма Оқулықпен жұмыс
Суреттерді пайдаланып, өрнектерге сәйкес есептер құрастыр және шығар:
10*2+80; 80-10*2; 80- 8*5;
Дәптердің Қаламның Қарындаштың
бағасы бағасы бағасы
10 теңге 80 теңге 8 теңге
[pic] [pic] [pic]
5.Алтын зал 5- тапсырма Тап:
А) 28 санының 1/7 – ін; 24 санының 1/6- ін; 200 санының ½ -ін;
Ә) 30 санының 1/3-ін; 32 санының ¼-ін; 45 санының 1/5-ін.
Б) 1/3 сағ = … мин ½ сағ = … мин ½ м = …см
6.Қару – жарақ коллекциясы қойылған зал 6- тапсырма
Теңдеулерді шеш: С*7= 630 630:а =70 х:7 =90
7. Күмбез залы «Елбасы-Елдің тұтқасы» өленің орындау
ІV. Қорытынды
Үйге тапсырма : № 7 тапсырма 102 бет
Мадақтау, бағалау