Тәрбие сағатының тақырыбы: Берекелі отбасы
Тәрбие сағатының мақсаты: ата- ана мен бала арасындағы ізгі қарым – қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата – ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір- біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата – ана екенін түсіндіру.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, слайдтар.
Әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар.
Түрі: сайыс.Барысы:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар! 1 «А» сыныбының өткізгелі отырған «Берекелі отбасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызықққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.Оттың басы, ошақтың қасы- ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Қазіргі қоғамда ата – ана баласынан не күтеді? Ата – ананың бақыты неде? Баласы ата – анасын қалай бақытты етпек?
Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Берекелі отбасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Сайысқа қатысуға келген отбасыларымен таныстырайын:
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейін.
Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
Отбасын таныстыру
Ситуациялық сұрақтар
Ситуациялық жағдаяттар «Қонақ күту әдебі
«Кім зерек?»
Сайыкерлеріміз дайын болғанша балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?
Отбасына кімдер жатады?
1-бөлім. Таныстыру. Отбасы мүшелері өздерін таныстырады.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
Сенің отбасың қандай?
Сенің отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?
Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады?
Сен отбасыңдағы адамдарды қалай атайсың?
2-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.
Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
Балалардың шығармашылығына назар аударайық.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
1-оқушы: — Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2-оқушы: — Анашым, мен бүгін емтиханнан «2» алдым.
3-оқушы: — Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
Ата – аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.
Балаңыздың туған күні қашан?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?
Балаңыздың сүйікті асы не?
Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
Балаңыз сізді ренжіикенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
Қорытынды.
Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас қандай болу керек?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бір – бірін жақсы көреді және қамқор болады.
Ата – ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық.
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
Жақсы – жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата – ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілейміз!
Ақмола облысы,
Қорғалжын ауданы
Арықты ауылы
Утебекова Бибигуль Сериковна