|
Тема Ф дыбысы және әрпі
Автор публикации: Болеубаева Г.К.
Дата публикации: 2016-05-04
Краткое описание: ...
Пәннің аты: Сауат ашу | Уақыты:16.03.16 | Кабинет | Мұғалім: Бөлеубаева Г | Сабақтың атауы | Ф дыбысы және әрпі. | Мақсаты | 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. 2. Сөздік қорларын дамыту. 3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу | Күтілетін нәтиже | Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер. Сабақтың барысы: | Психологиялық ахуал | Шаттық шеңбері Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге Жаттығу жасайды.
| Қызығушылығын ояту
| . Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру. ә) Зейіндерін сабаққа аудару. II. Өткен сабақты пысықтау. Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық? - В дыбысы. - Қане, В дыбысын қарастырып сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. . Енді осы сөздерден сөйлем құрайык. [pic] | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | Мағынаны тану
| Суреттерге қарап заттарды атау. кофе, фонтан,телефон т.б. Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу. Ф әрпін ауада, тақтада жазу. Ф жазба түрі. Ф баспа түрі. [pic] Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстык талдау жасау. [pic] Буын сөздерді хормен оқу. Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу. [pic] Жұмбақтар шешу. Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды. Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон) Тапсырмалар. а) Жалғасын тап. Фут-, фон-, магнито-, теле-, т.б. ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет. Фатима финал кофта фонар т.б. б) Ф дыбысын қатыстырып создер ойла. | Сергіту сәті | Оңға ,оңға түзеу тұр, Солға ,солға түзеу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары –төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды. | Ой толғаныс
| Жұмбақтар шешейік! Арқасы тіреп жабысып, Екі "р" қалған қабысып, Бұл қай әріп? (Ф)
Иілген ұршық - Қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)
Қос бүйірін таянып, Тұратұғын қай әріп? (Ф) "Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды. | Үйге тапсырма | Буын сөздерді оқып келу. |
| Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. |
| Кері байланыс | [pic] [pic] |
|
|
|