Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1) Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлемді дұрыс құруға үйрету. Отбасы мүшелерінің міндеттерін және бір-біріне деген қарым-қатынастары туралы әңгімелесу.
2) Оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту, толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
3)Еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекіліктер: отбасы бейнеленген суреттер
Сабақ барысы:
Оқушыларды тыныштандыру. Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өткенді еске түсіру
Көкеністерді атау (неше буын, неше дауысты дыбыс?)
Жемістерді атау (неше буын, неше дауысты дыбыс?)
ІІІ. Жаңа сабақ
Сурет бойынша әңгімелеу
Отбасы мүшелері кімдер? – сұрағына жауаптар алу
Олардың отбасындағы міндеттерін ажыратып айту.
Сурет бойынша сөйлемдер құрату. Сөйлемдерінде неше сөз бар екенін анықтау
Сөйлемнің сөздерден құралғанын ашып айтып, түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Әр сурет бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау, толықтыру.
Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Ана алдында-құрмет,
Ата алдында-қызмет.
Әке-асқар тау,
Ана-етегіндегі бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ата-анаңның сөзін жерге тастама,
Байып алсаң-менмендікке бастама.
Отбасындағы адамдарды сыйлауға, үлкенге көмекші болуға, кішілерге қамқорлық жасауға шақыру.
Оқушылардың өз отбасылары туралы әңгімелерін тыңдау.
Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық. – деп дәптерлерін ашқызып, партада отыру, қаламды ұстау, дәптерді қою ережелерін еске түсіру.
Дәптерлеріне әріп элементтерін жазғызу.
ІV.Қорытынды
- Сенің отбасыңдағы орның қандай?
- Нені үйрендіңдер? (сөйлемнің сөзден құралатынын)
V. Бағалау
Сабақта белседілік танытан оқушыларға тиісті бағаларын қою.
VІ. Үйге тапсырма беру.
«Менің - отбасым» тақырыбына әңгіме құрау