6.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»
Сабақтың мақсаты:а)мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын ашу.ә) байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту, жылдам оқу машықтарын дамыту. Қоршаған тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.б)оқушыларды табиғаттағы аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдістемелік — тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелесу, көрнекілік, топтастыру.
Көрнекі құралдар: Венн диаграммасы, жұмбақ , сурет арқардың.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ : Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»
Жұмбақ шешу. Жақпар тастың өркешіне , Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсіне, Орғып шығар ол оңай. /арқар/
- Балалар, арқар туралы не білесіңдер? Оқығандарың, көргендерің бар ма? Ол қандай аң?
АРҚАР: ӘДЕМІ, ТАУДА ЖҮРЕДІ, АҢ, ЕШКІГЕ ҰҚСАС, МҮЙІЗІ ҮЛКЕН, ЖҮЙРІК.
Арқар – Азия құрлығында мекен ететін жануардың бірі. Әсіресе, Тянь-Шань, Памир, Алтай тауларында кездеседі. Негізгі қонысы біздің қазақ даласы екен. Кең байтақ даламыздың көптеген бөліктерінде бар. Елімізде оның үш түрі кездеседі. Алғашқысы – Қаратау арқары. Олардың саны өте аз. Жойылуға жақын десек те болады. Тек Қаратауда ғана таралған. Таудың жазықтау жоталарында көзге ұшырасады. Жалпы саны - 100 басқа жуық. Арнайы қорғайтын орындар жоқ. Одан кейінгісі Тянь-Шань тауының қазақстандық бөлігінде жүреді. Үшіншісі Солтүстік Қазақстан өңірін мекен еткен. Арқарлар өздері тіршілік ететін аймақтарға байланысты бөлінеді. Алтай тауының біздің еліміздегі бөліктерінде де арқарлар көзге ұшырасады. Ал елімізде қанша арқар бар дегенге дөп басып айта алмаймыз. Алайда әрі кеткенде 10 мыңнан аса қоймайды. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқиық. Әр бөлікке ат қою, мазмұнын сұрау.1. Орманға жиналу.2. Жолда.3. Атасының тапсырмасы.
4. Қошанның ізденісі.5. Тағы да орманда.6. Шешімнің табылуы.
IV.Сергіту. Ойын: Кім жаңылыспайды?
Қырқада қырық арқар бар, Қырық арқарда ақ арқар бар Алты арқарда марқа арқар бар.
Y. Бекіту .Кубизм әдісі бойынша сұраққа жауап беру.1. Арқар қандай аң?2. Ол жауынан қалай қорғанады?3. Арқарға не тұқымдас? 4. Мүйіз не үшін керек.
- Жақсы, барлықтарың түсіндіңдер ме?
Түсінсек, өткен сабақта біз «Киіктің айласы» мәтініндегі киікпен салыстырып көрейік!
Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
КИІК -------------------
АРҚАР --------------------
Арқар елдің таулы өлкесін мекендейді, оның алты түрі бар. Салмағы — 200кг., ұзындығы – 160 - 168 см., тұрқы – 160 см, жылына 1 қозықа туады.
Бағалау.
YI. Үй тапсырмасын беру. Үйге мәтінді оқып, мазмұндап, тапсырмаларға жауап береміз.