Павлодар обл.Лебяжі ауданы Жамбыл ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Мадине Азира.
Тақырыбы: «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Мақсаты:
Білімділік: ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды бірін – бірі сыйлай білуге қамқорлыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер, асық, сандық т.б
І. Кіріспе
Құрметті ұстаздар, оұушылар «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» атты сайысына қош келдіңіздер!
Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
Психологиялық дайындық (тілек ағашы )
Сайысқа қатысушылар сайысымызды бастамас бұрын тілек ағашына жылы жүректен шыққан тілектерімізді жапырақтарға жазып, ағашқа ілейік.
Сайыста сіздерге әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сайыста жеңу үшін өздеріңіз белсенділік танытып, берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.Ендеше сәттілік!
Сайсымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар мүшесімен таныс болайық.
Химия пәні мұғалімі: Мунара Роза
Бастауыш сынып мұғалімі: Кайырбекова .А.Б
Бастауыш сынып мұғалімі : Равдал Мейрамгул
Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтетіндіктен қазір екі топқа бөлінеміз.
(мозайкалар арқылы)
1-топ: Тапқырлар
2-топ: Алғырлар
Байқаудың кезеңдерімен таныс болаңыздар.
1.1-кезең : «Ата мұраң – асыл қазының»( мақал – мәтел кезеңі)
2. 2-кезең :«Кім жылдам» (сұрақтарға жауап беру)
3.3-кезең: Әр топ өз өнерлерін көрсету.
4.4-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (шығарма жазу)
І кезең. «Ата мұраң – асыл қазынаң»деп аталады.Бұл кезеңде
әр топ тақтада ілулі тұрған гулді таңдап ішіндегі мақал – мәтелдің жалғасын табу керек.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар
*********
Отан отбасынан басталады
*********
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
*****************
Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер
***************
Әке-асқар тау,
Ана – қайнар бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
************
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
****************
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
***************
Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілерсің.
***************
Балалы үйдің ұрдығы жатпас
ІІ. кезең. . «Кім жылдам» (сұрақтарға жауап беру)
Бұл кезеңде 10 сұрақ
1.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту,Елтаңба, Әнұран)
2.Үш биді ата. (Қазыбек би ,Төле би Әйтеке би)
3.Үнді дауыссыздарын ата (л, м, н ,ң , р, й, у)
4.Мемлекеттік туымыздың авторы (Ш.Нязбеков)
5. 1 жүздік 2 ондық 5 бірлік қандай сан (125)
6. 2 мен 3 тің көбейтіндісі нешеге тең (6)
7.Зат есім дегеніміз не ? Мысал келтір Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін [link] . Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
8.Нағашы жұрт деген кім? (шешенің төркіні)
9.Табақта 30 алма, қолымда 10 алма,
Барлығын қосқанда болады неше алма? (40)
10.300 бен 600-дің қосындысы нешеге тең? (900)
2-топ.
Біздің елордамыз қай қала? (Астана)
«Менің атым-Қожа» әңгімесінің авторы (Б.Соқпақбаев)
Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б , в, г, ғ, д, ж, з)
Елтаңбаның авторлары (Шота Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
6 жүздік 4 ондық 3 бірлік қандай сан (643)
2 мен 5 тің көбейтіндісі нешеге тең (10 )
Етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Ереже: Заттың қимылын іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады. Келді кеетті.
Жиен деп кімді атаймыз? (Әпке мен қарындастың балалары)
50 асықтың 30-ын досың сұрап алды,
Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалды? (20)
Жыл мезгілдерін ата? (Көктем, жаз, күз, қыс)
ІІІ-кезең. Әр топ өз өнерлерін көрсету.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян қолтық алыспай
Әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады.
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді. (Би , ән, тақпақ айту)
ІV-кезең.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (шығарма жазу)
Екі топ «Менің отбасым» шығарма жазу.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына
Отбасы сайысы аяқталды
Сөз кезегі әділқазы алқасында –
деп, қорытынды сөзді әділқазыларға береміз
Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаздар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аяқтау
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жерден
Тағы да үйренерміз аман болсақ
Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау – саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!