Көкжиек және көкжиек сызығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Көкжиек және көкжиек сызығы

Мақсаты: 1. Оқушыларға көкжиек, көкжиектің сызығы туралы білім бере отырып, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын түсіндіру;

2. Көкжиек сызықтарын анықтай алуға үйрете отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Алған білімдерін тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Ал, балалар, балалар, Ауа, аспан, Жер мен Көк

Күндей күліп тұрыңдар Сырын терең ұғыңдар

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, жазып келген мақал-мәтелдерін оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

Бүгінгі сабағымызды «Табиғат» деп аталатын жаңа тараудан бастаймыз






адам, өсімдік, жан-жануар,құс тау, тас, аспан, өзен, т.б.

  • Табиғаттың қандай құбылыстарын білеміз?

  • Адам неге табиғаттың бір бөлігі боып табылады? Алдымен адам маңызды ма, әлде табиғат маңызды ма? дәлелдету


5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Тақтаға көкжиектің суретін ілу,1-сыныпта өткенді еске түсіру;

Берілген мәтінді оқып талдау жұмыстарын жүргізу:

  • Кітаптағы суретте берілген бейнеде қала салынған ба, әлде дала ма?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, аспан мен жердің түйіскен жеріне дейін жетуге бола ма?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (26-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Көкжиек дегеніміз не екен? ал, көкжиек сызығы дегеніміз не?

Сурет бойынша көкжиек сызығын анықтауды үйрету;

Дәптермен жұмыс:

Көкжиек тұстарының сызбасына сүйене отырып, жолдарды толтырту:

  • Солтүстік пен батыс аралығы

  • Оңтүстік пен батыс аралығы

  • Солтүстік пен шығыс аралығы

  • Оңтүстік пен шығыс аралығы

Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын сызып, оларды шартты белгілермен белгілету;

3.Жаңа білімді бекіту:

Суреттер арқылы тұстарды бағдарлап, анықтаудың жолдарын үйрету:

Жеке өскен ағаштың солтүстігіне қараған жағының бұтақтары қысқа әрі сирек болады. ал, оңтүстігінің бұтақтары ұзын жайқалып тұрады.
[pic]

Егер құмырысқа илеуін көрсең, байқап ақарсаң, әр уақытта оның солтүстігі биік, тік болады да, оң түстігі аласа келеді.

- Құмырысқалар неге илеуін олай жасайды деп ойлайсыңдар? (оңтүстік жағында жылу көбіректеу болады)

4. Қорытынды:

- Сонымен аралық тұстары қалай аталады екен?

- Көкжиек тұстарын білу не үшін керек?

- Көкжиек сызығы деген не екен? осы білім адамға не үшін қажет?

- Оңтүстік пен солтүстікті табиғи заттарға қарап қалай ажыратамыз?

Суреттегі адамдардың қай бағытқа бет алғандарын анықтату;

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;