Еңбек түбі - береке

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Еңбек түбі – береке
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.
Жүру барысы:
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

1 - оқушы: Мейр. Мағжан:
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

2 – оқушы: Айгүл:
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.

3 – оқушы: Ұлжан:.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.

4 – оқушы: Алтынбек:
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

5 – оқушы: Мөлдір:
Ерінбесең, еңбегің өнеді.

6 - оқушы: Ақсұлу
1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

3 - оқушы: Мағжан:
1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.
Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.

1 - оқушы: Бекнұр:
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.

2 - оқушы: Жарас:
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

2 - оқушы: Динара:
Ердің атын еңбек шығарар.

1 - оқушы: Асылай:
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1 - оқушы: Мәдина:
Ерінбесең еңбегің өнеді.

2 - оқушы: Таңшолпан:
Еңбегі көптің өнбегі көп.

2 - оқушы: Ақырыс:
Жері семіздің – малы семіз.

1 - оқушы: Мейрамбек:
Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл - көсір.

Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.
Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!