Бастауыш сынып мұғалімі Жубангарина Алманың
қысқа мерзімді жоспары
Пәні: дүниетану
Сыныбы: 2 «а»
Сабақтың тақырыбы:
Тұқым және жеміс
Жалпы мақсаты:
Тұқым, жеміс түрлерімен танысады.
Сілтеме:
Электрондық оқулық, дүниетану,
дүниетану пәнінің әдістемесі
С.Мирсейітова Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері
Оқу нәтижесі:
Өсімдіктердің тіршілігі бөлімінде алған білім, біліктерін
жүйелейді, қоршаған орта жайындағы танымдық әрекетін шыңдалады.
Негізгі идеялар:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен танысады.
Дамытушылық: Дүниетанымы, ой-өрісі, пәнге деген қызығушылығы, ақыл-ойы, есте сақтауы, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беріледі.
Қолданылатын материалдар:
АКТ, постер, фломастерлер,оқулық , тұқымдар, жемістер, көкөнстер.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекшке бақылау)
Блум таксономиясы. «Бос орындық» әдісі, «Сырлы сандық» әдісі, «Сөйлемді аяқта» әдісі, «Тәжірибе» әдісі
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық
Күннің шуағынан жылылық аламын да,жүрегіме қоямын. Өзі жылы,өзі жарық, өзі игі.Міне айналам жап-жарық боп кетті.
Өлең шумақтарын айтып тұрып, қимылмен көрсетеді.
І. Білу (5 мин)
«Өсімдік-тіршілік нәрі, тіршілік көзі» деген нақыл сөзге пікірлерін білдіреді. Осы пікірмен келісесің бе?
Өсімдік –тіршілік көзі, ...... әр оқушы өз пікірлерін дәлел келтіріп айтады.
ІІ.Түсіну(10 мин)
Орындарына жайғасады, планшет бетіне тірек сөздер шығады, сол арқылы топтарының аттарын табады. Планшет бетіне суретін салып, әр топ өздері жарнамалап,аттарын қорғайды. «Бос арындық» әдісі.Ашық сұрақтар арқылы ақпарат толықтырылады.
1 топ. дің,бұтақ,тамыр,жапырақ,гүл,жеміс,орман-ағаш
2 топ. шырмалған бұтақтар,тамыр,жеміс,жапырақ,тоғай-бұта
3 топ. тік сабақ,шырмалған сабақ,дала,шүйгін,гүл-шөп
ІІІ. Қолдану(15 мин)
«Сырлы сандық»әдісі Бұл бұйымдар туралы не айтамыз?Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
1 топ алма ,алмұрт тұқымы және жемісі
2 топ итмұрын, жүзім тұқымы мен жемісі
3 топ гүл ,арпатұқымы
Тұқым және жеміс деген қорытындыға келу керек.
ІҮ. Талдау(7 мин)
Тәжірибе: пласмасса пышақпен кесіп, алақандарына уқалап тұқым мен жеміс түрін, құрамын зерттеп қорытынды жасауға тапсырма беріледі.
Тұқымның, жемістің қызметі туралы болжам жасалады.
1 топ алманың
2 топ жүзімнің
3 топ гүлдің тұқымын ыдыстарға отырғызады.
Ү. Жинақтау(7 мин)
Слаид көмегімен тұқым, жеміс туралы қосымша ақпарат беріледі.
Тұқым, жеміс түрлері туралы семантикалық картаны толтырады.
ҮІ.Бағалау(1 мин)
Көп ағаш ол-....../орман/
Көп бұталар-ол /тоғай/
Жайқалған шөп-ол/жайлау/
Ал біз біріксек-берік күшпіз
Ақ қағаздың бетіне пікірлерін жазған ағаш, бұта,шөп суретін жапсырып, пейзажға айналдырады.
[pic] [pic] [pic]
V. Үйге тапсырмасын беру
(1 мин)
Мәтінді оқу. Шырынды және құрғақ жемістің суретін салу.
Оқулықтан көрсете отырып, түсініп алады.
VII. Рефлексия
(3 мин)
Бүгінгі сабақта не білдім? Кестені толтыруға тапсырма беріледі.
Не білетін едім?
Не білдім?
2 «а» класс оқушыларының бақылауға алынған оқушылары.
Дүниетанудан бұл сабақты әдебиеттік оқу пәнінен ерекшелігін көрсету мақсатында өткіздім.Бұл пәннің ерекшелігі оқушылардың зерттеуге деген қызығушылығын ояту.«Өсімдік-тіршілік нәрі» деген нақыл сөзбен келісесің бе? деген сауалға оқушылар дәлелдемелер арқылы өте жақсы мәліметтер келтірді.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі оқушылардың сөздік қорларын дамытуда, байланыстыра сөйлеуде маңызы зорПланшеттегі тірек сөздер арқылы өз топтарының атын анықтады. Сонымен бірге АКТ құралдарын тиімді тұсқа қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатым болды.Өсімдік тобының суретін планшетке салып, «Бос орындық» әдісімен қорғады. [pic]
[pic] [pic] [pic]
«Сырлы сандық» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды. Ондағы бұйымдарға сыни көзбен қарай отырып, бүгінгі тақырыптың «Тұқым және жеміс»екендігін анықтады.Әсіресе оқушыларыма қатты ұнағаны тұқымдарды ыдыстарға отырғызу болды. Әр топтан бір оқушыны таңдау ұсынылғанда көшбасшы оқушыларым өз белсенділіктерін көрсетті. Берік М мен Хамидолла Ә таласқа түскенде «Қыздың жолы жіңішке»деп жол тауып кетті.Ал Жақсыбай Ж мен Дүйсен М бір ауыздан топ сайлады.
Көп ағаш-орман, көп бұта-тоғай,шүйгін шөп-жайлау, ал біз біріксек-күш деген нақыл сөзбен кері байланыс алдым. [pic]
[pic] Кері байланыстан байқағаным оқушыларға тәжірибе жасау қатты ұнады. Келесі дүниетану сабақтарында тәжірибелер кірістіріп отыру ойымда.
Бұл сабақта үлгерімі нашар Бейбитова А,Қопабай А,Асқаров Е атты оқушыларым ерекше белсенділік көрсетті,қызықты ойлар айтты.
Бұта