1-ден 10-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге орналастыр. Тапсырма сандық сәуледегі санның орнын табу дағдысын бекітуге және оның алдында немесе артында орналасқан санды анықтауға бе-рілген. Оқушылар сандарды орналастыру үшін 0 санына — санақ басына қарап бағдарлау қажет. Түсіп қалған сандарды жаз. Бұл тапсырма да алдыңғы тапсырма сияқты, оқушыларды жаңа оқу дағдыларын бекітуге жаттықтырады. Әрбір футболкаға нөмірлерді ретімен жаз. 1-санынан баста. Екінші футболканы боя. Оқушы-ларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыны-ңыз. Тапсырманы орындау қиыншылық туғызған жағдайда сандық сәулені тірек ретінде пайдаланып орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, өзінің нәтижесін басқа сыныптастарымен салысты- рып, тексеруді ұсыныңыз. Доминоның тастарын реті бойынша сызық-тармен қос. Оқушылар тапсырманы орындағанда шығармашылықтарын пайдаланып, келесі домино тасын өзі толықтырып салуына болады. Әрбір ағаштың астындағы сан қанша болса, сонша жемістің суретін сал. Суретті өз бетінше талдап, санға сәйкес келу үшін қанша алманың жетпей тұрғанын тауып, толықтырып салуы керек. Сандарды нүктелермен қос. Тапсырма күр-делі болса, оқушылар сандық қатарға сүйеніп орындауына болады. Жауабы: 1, 2, 3, 4, 5. Бағалау Оқушылар сабақ соңында: сандық сәуледегі санның орнын табуды; алдыңғы және келесі сандарды атай білуді меңгереді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — Сандық сәуледе сандар қалай орналасады? — 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар. — 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар. — Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз. — Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |