Күні | Мектебі: .219 Ы. Алтынсарин |
Мұғалімі | Кембаева Ләззат |
Сыныбы | 3 |
Пәні | Бейнелеу өнері |
Сабақтың тақырыбы: | Портрет өнері, портрет түрлері |
Сілтеме: | Оқулық, 108- бет |
Жалпы мақсаттары: | Танымдық:портрет өнерімен одан әрмен таныса отырып түрлерін ажырата білу, суретшінің айтайын деген ойын, оның моделге деген көзқарасын ажырата білу. Эмоциялық:психологиялық жағымды ортада жұмыс Жасауға ықпал ету. Әлеуметтік:әлеуметтік өзара әрекеттестікте оқыту арқылы барлық оқушылардың оқыту оқу үдерісіне қатысуына жағдай жасау. |
Оқу нәтижесінде: | Портрет жанрын, бұл жанр шығармаларының өзіндік ерекшелігін ажырата біледі. Порттрет түрлерін сала біледі. |
Тапсырма көздері,әдіс тәсілдер: | «Ең жақсы тілек»ойыны, «Қызықты бет бейне»ойыны, жинақтау әдісі,баяндау әдісі,топтық жұмыс. |
Негізгі идея: | Сыни ойлау,өзіндік сана сезім, өзіндік таным қабілеттері артады. Сабаққа белсенділікпен қатысады, диалогқа түседі. |
Сабақтың көрнекілігі: | АКТ, постерлер,суреттер, оқулық, бояулар. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
|
Мотивациялық кезең 4 минут | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ең жақсы тілек» ойынын ойнату | Оқушыларды топтарға топтастыру. Плакатқа салынған ағашқа өз достарына арнап ең жақсы тілектері жазылған стикерлерді жапсырмалайды. |
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут | «Орман ағаштары» тақырыбында көрме ұйымдастыру. Ермексаздан жасаған талдың мүсіндерін бағалау | Ермексаздан ағаштың мүсінін жасау, жұмыстарын көрмеге қою. |
Жаңа сабақ 24 минут | Баяндау Портрет-адам суреті бейнеленген бейнелеу өнерінің жанрларының бірі. Ең көне портрет Египеттегі фараондардың алып мүсіні.Оларды құдайға теңегендіктен жай адам ретінде салуға болмады, сондықтан оларды алып етіп мүсіндеген. Мүсін бейнелер жасау Грекия мен Римде кең өріс тапқан. Италия, Нидерландыда кескіндемелік портрет дамыды. Портрет 5 ке бөлінеді. Салтанатты; Камералық; Топтық портрет; Жұптық портрет; Автопортрет.
Портрет түрлерінің ерекшелігіне тоқталу. Сарамандық тапсырма: Өзіне ұнаған портрет түрлерінің біріне сурет салу. Портреттің салыну ретін түсіндіру. 1 Өлшемін, салынатын суретің жайлы ойлан. 2 Портрет түрін таңда 3 Парақ бетіне жай түсір 4 Бет бейненің, айтар ойдың мағынасын анық бер 5 Бояу түстерін үйлестіріп боя | Түсіну, тыңдау, бір-біріне көмек беру. |
Берілген сарамандық тапсырманы орындау,талдау жасай білу.
Портрет түрлерін ажырата білу
Тапсырманы ретімен орындау. |
Сергіту сәті 3 минут | АКТ-ның көмегімен музыка қою. | Би қимылдарын қайталап жасау. |
Бекіту тапсырмалары. Қорытынды. 7 минут | «Автор орындығы» ойыны. Топтардан оқушылар шығып сабақ мазмұны бойынша қысқаша түсініктеме береді.. | Сабақ мазмұнын қысқаша баяндау. |
Бағалау 3 минут | Бағалау түрлерін қолдану, түсіндіру. ОүБ-2(топта бағалау) «Екі жұлдыз бір ұсыныс» | Топ жұмыстарының ерекшеліктерін атап шығу. Топтарға жұлдыз немесе ұсыныстарын беру. |
Кейінгі тапсырмалар 1 минут
| Үйге берілген тапсырмаларды түсіндіру.Портрет түрлерін бейнелеу | Өзіне ұнаған портрет түрлерінің біріне сурет салып келу. |
Келесі тапсырма | Келесі сабаққа қажетті құралдарын әкелуді тапсыру. | Өздерінің фотосуреттерін әкелу |