Математика еліне бауырсақ ертегісімен саяхат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ ертегісімен математика еліне саяхат»

1.Білімділік: Математика сабағында өтілген материалды талдап,білімдерін анықтау; 

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру; 

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу,бір-бірімізге көмектесу керек екенін айтып талдау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,карточка,плакат.

Сабақтың барысы:

3 тілде амандасу.

-балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Кәнекей кім айтам дейді?

-жақсы бәріміз біледі екенбіз, бірақ бүгінгі сабағымыз математика болғандықтан,математикада не білеміз? Не өттік? «Көмектесу,қамқорлық» деген сөздермен байланысты болғандықтан, біз ертегімізді басқаша аяқтауымыз керек. Аяғында қу түлкі бауырсақты жеп қояды ғой, бірақ біз көмектесу керекпіз.Көмектесеміз бе? Ия!

- онда балақайлар бастайық! Қоян кез болады,Қоян туралы айтып берші кәнекей, қояннын тапсырмасын орындаймыз ба?Ия

Есепте.

Айдоста 15 дәптер болды,анасы оған тағы 6 дәптер сатып алды.Барлығы неше дәптер болды? Дәптерге жазып шығарайық.

Б.-15

С.а.-6

Барлығы-?

15+6=21

Жауабы: барлығы 21 дәптер.

-Тамаша,жарайсыңдар! Қоян бауырсақты босатты! Рахметін айтып жатыр.

-Қасқыр туралы айтып беріндерші,енді қасқырдын тапсырмасын орындайық.

-Қасқырдың тапсырмасы ауыр екен,оны жазбай ауызша орындаймыз!

-Тамаша! Бауырсағымыз рахметін айтып жатыр!

-Келесі бізде кім еді? Аю екен! Аюды сипаттап кетейік.Енді аюдын тапсырмасына кез келдік, 4 және 5 см дәптеріне сыз,сызамыз,ең әдемі дәптерлерге 5 қойылады. Практика.Кітаптан №4 ашып жазамыз,кәнекей тақтаға шығатын балалар.

-Шаршап қалған сияқтымыз,сергіту сәтін жасап жіберейік!

- Балалар қап қиын болып қалды, алдымызда қу түлкі! Қорқақтап тұрмын! Не істейін? Мүмкін көмектеспей артқа кетерміз?

- Ой менің балаларым қандай а! Адамгершіліктері мол, қол ұшын беретін, нағыз азамат болатын балалар екенсіздер!

- Түлкіні сипаттап берейік, түлкінің тапсырмасын қарайық.

- Салыстыруды ауызша орында,орындайық оңай екен!

-Ойбуй, тағы тапсырмасы бар екен,фигураларды ата:тіктөртбұрыш,шеңбер,т.б.

- Ух,тағы бар екен! Бірақ схемма,құрамын тап! 3-топ кім бірінші жарысайық,көмектесейік!

- Ма,Тамаша! Жарайсыңдар! Көмектестік!

- Балалар бауырсақ атасы мен әжесіне ешқайда сұраусыз кетпейтініне уәде берді, үлкендерсіз далада жүруге бола ма? Бәрі жиналып атасы мен әжесіне келіпті,аю өзінің машасын алып кепті, қоян сәбізін алып келіпті. Бауырсақ пен ата-әжесі сендерге рахметтерін айтып алғыс айтып жатыр,1 «Қ» сыныбының балалары қандай тамаша екенін жанашыр, қол ұшын беруге дайын екенін айтып жатыр.

- Смайл арқылы бағалау.

- -Бүгінгі сабақта не ұнады?

- Қандай көңіл күйде болдың?

- Не үйрендік? Жақсылық жасауды.

Смайл арқылы талдау жасадық.