|
План урока по математике на тему Жазық жəне кеңістік фигураларды тану жəне айналасынан табу
Автор публикации: Атаева Г.Ж.
Дата публикации: 2016-11-09
Краткое описание: ...
Сабақ: математика | Мектеп: Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. |
| Күні: 18.10.2016ж | Мұғалім: Атаева Гүлдана Жумабековна |
| Сынып: 1 | Қатысқандар: 9 | Қатыспағандар: 0 |
| Оқытудың мақсаттары:
| Ортақ тақырып- Өзім туралы 1.3.1.3 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) жəне кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) фигураларды тану жəне айналасынан табу |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: 1/ геометриялық фигураларды атап береді. 2/ геометриялық фигураларды түсіне, формасына қарай ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1/ Геометриялық фигураларды сыза алады 2/ Геометриялық фигураларды сипаттай алады Кейбір оқушылар орындай алады: 1/ фигуралардың ерекшелігін анықтай алады 2/ фигураларды салыстырып дәлелдей алады |
| Тілдік мақсаттары: | Оқушылар орындай алады: 1/геометриялық фигураларды формасына,өлшеміне,материалына қарап, ажыратып сипаттай алады Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Фигураларды санау,барлығы ?қанша? нешінші?, алдыңғы фигура, келесі фигура, көршілес фигура Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Талқылауға арналған сұрақтар: -Қандай фигураларды білеміз? -Төртбұрыш,үшбұрыш,шаршы екенін қалай білеміз? -Фигураларды неге ұқсатуға болады? Ишара (мимика): қолмен түзу, сынық,тұйықталған немесе тұйықталмаған сызықтарды көрсету |
| Алдыңғы оқыту: | Геометриялық фигуралар туралы түсініктері бар. |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған тапсырмалар | Ресурстар | Басы 1-3 минут
Ортасы 7-11 минут
12-24 минут
25-30 минут | 1/ Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптағы оқушылар барын анықтау Ойын «Менің қалпағым» Ой-қозғау-әрекеті *Сыныптағы геометриялық фигураларға тәріздес заттарды атап шығу. *оқу құралдарын сипаттау
Оқушылармен «Менің ойыншықтарым»тақырыбына әңгімелесу.Оқушылар ойыншықтар қандай фигураға ұқсайтынын анықтайды.
*Жеке,жұппен жұмыс өткізу. Ермексаз және таяқшалардан геометриялық фигура жасау Топпен жұмыс: *видеоролик қарап шығу,түсінгенін айту. *резинка арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы көрсету
Ойын «Танграмм». Берілген фигуралардан әртүрлі суреттер құрастыру.
|
Заттар Оқу құралдары
Ойыншықтар
Фигуралар Ермексаз Таяқшалар
| 30-35 минут | *Сұрақтарға жауап беру: -Фигуралар туралы не білдік? - Фигуралардың қандай айырмашылықтары бар? «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс өткізу. Бағалау: бармақ әдісі арқылы
| Түрлі-түсті стикерлер
|
|
|