Баяндама: Доссыз өмір-тұзсыз ас(бастауыш сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:

Доссыз өмір-тұзсыз ас.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Доссыз өмір- тұзсыз ас» тәрбие сағаты.

1) «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»

Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барса-ңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қыл-майды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан түрлі, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Дос қандай болу керек?

Адал

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

Дос кешірімді

төзімді

ақылды

сабырлы

салмақты

кек сақтамау

ашықтық, бүкпесіздік


IV. «Жарысты жалғастыр» ойыны.

Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

Мысалы:

1. « Кемшіліксіз ......... адам .........қалады ».

2. «Дұшпан ........айтады, дос........айтады ».

3. «..........теңгең ......, ..........досың ......».

4. «Досы ..........,

........... көппен ............».

5. «Досы ........, өзі де ........».

6. «.......... басқа ...........,

........... аяққа ...........».

7. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».

8. « Досың мың ............,

....................... біреу .............».

9. «Досы ..................... алмайды».

10. .«Дос ..................... айтады

Дұшпан ...................айтады».


Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

4. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

5. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

6. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

7. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

8. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

9. «Досы көпті жау алмайды».

10.«Дос - жылатып айтады

Дұшпан - күлдіріп айтады».

V. 1 топ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

2 топ: Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

3 топ. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

4 топ. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

5 топ. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?


VI. Қорытынды.

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.






























Павлолдар №35 жалпы орта мектебі






Тәрбие сағаты






Доссыз өмір-тұзсыз ас.





«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

«Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».





Мақал –мәтелдерді жалғастыр:

(1 топ)

1. « Кемшіліксіз ......... адам .........қалады ».

2. «Дұшпан ........айтады, дос........айтады ».

Мақал –мәтелдерді жалғастыр:

(2 топ)

1. «..........ақшаң ......, ..........досың ......».

2. «Досы ..........,

........... көппен ............».

Мақал –мәтелдерді жалғастыр:

(3 топ)

1. «Досы ........, өзі де ........».

2. «.......... басқа ...........,

........... аяққа ...........».


Мақал –мәтелдерді жалғастыр:

(4 топ)

1. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».

2. « Досың мың ............,

....................... біреу .............».


Мақал –мәтелдерді жалғастыр:

(5 топ)

1. «Досы ..................... алмайды».

2 .«Дос ..................... айтады

Дұшпан ...................айтады»


Доссыз өмір-тұзсыз ас.