Разработка по казахскому языку на тему Дара және күрделі сан есім 2 (4 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: қазақ тілі. Күні: 24.02.2016 Сыныбы:Тақырыбы:Дара және күрделі сан есім. Мақсаты: -Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді  ажырата білуге үйрету;  сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; -Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын  дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;  -Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: -Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді  ажырата білуге үйрету;  сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; -Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын  дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;  -Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «көңілашар», «1 қадам артқа», «миға шабуыл», «Австралиядағы жаңбыр», «ойлан, бірік, бөліс».

Ұйымдастыру кезеңі

«Көңілашар»



«1 қадам артқа»







«миға шабуыл»













«Ойлан, бірік, бөліс»

Өздік жұмыс:





























«Австралиядағы жаңбыр»



















Бағалау: Үйге тапсырма:

Оқушылармен амандасады.Түгендейді.

Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.

1-2-3 сынып іші тып- тыныш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру. 48-бет. 5-жаттығу. Жиырма азайтылған бес тең он бес. Он бес көбейтілген бес тең елу. Елу қосылған он сегіз тең алпыс сегіз. Тоқсан азайтылған жиырма тең жетпіс. Тоғыз көбейту тоғыз тең сексен бір. Екіжүз бөлінген төрт тең елу.

1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есім дегеніміз не? Сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.







1-тапсырма. Мақал-мәтелді көшіріп жазып, сан есімді тап. 1)  Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар 2) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені 3) Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер. 4) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса,төбедегі келеді. 5) Жеті атасын білмеген жетесіз.


2-тапсырма: жұмбақтың жауабын тауып, сан есімнің астын сыз. 1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,

   Сөйлейді шежіредей адам соқса.

2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

  Жүреді он екі аяқ  қадам басып.

  Әр бірінде отыздан бармағы бар,

  Құтылмас ешбір адам одан қашып.

3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

   Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі.

4)Таңертең төрт аяқты,

   Түсте екі аяқты.

   Кешке үш аяқты.

5)Он көзі бар өзінде,

   Он саны бар көзінде.

   Көзіне саусақ саласың,

   Жырақтан хабар аласың.

6)Үш кіші ішік піштім,

   Бес үлкен ішік піштім.

   Неше кіші ішік піштім?


Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.

3-тапсырма: «Білім мен дәстүр» 1. Жеті атаңды ата 2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата 3. Үш арсызды ата 4. Жігіттің үш жұрты 5. Төрт түлік 6. Ер қаруы бес қару 7. Қонақтың  төрт түрі 8. Үш бәйтерек 9. Бес арыс 10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, бағалау. 48-бет. 1-жаттығу.

Амандасады. Сабаққа дайындалады.

Құрал-жабдықтарын реттейді.

Оқушылар назарларын сабаққа аударады.

Оқушылар бірін- бірінің дәптерлерін тексереді. Өрнектерлі оқып, олардың мәнін тауып, сөйлем түрінде жазады.



Сан есім дегеніміз-заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион. Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

1-тапсырмада мақал- мәтелдерді көшіріп жазып, сан есімдерді дара және күрделі түрлері бойынша ажыратады.









Жұмбақтарды көшіріп жазып, жауабын табады. Сан есімдерді тауып, дара және күрделі түрлері бойынша ажыратады.









Барлық оқушылар орындарынан тұрып, жаттығуды 2 рет қайталайды.



Соңғы тапсырмада оқушылардың білімдері мен қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білетін білімдері сыналады.







Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады. Үй тапсырмасын жазады.











5 балдық деңгейде бағалау.















Жарайсыңдар!







































Жарайсыңдар!

















5 балдық деңгейде бағалау.

«Алматыкітап» 2015ж.

Қазақ тілі 4 –сынып

















































































Күнделік.




Қолы:

Баға: