Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1) Ауызекі сөйлеу стилі туралы оқушыларға түсінік беру.
Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру, сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын
формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылатын мэтіндерді ажырата білу, талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құрамдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдарды келтіре алу.
Оқушыларды жақсы оқып, білімді болуға, мәдениетті сөйлеп, сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу түрлеріне жасалған кесте; М.Балақаев, Е.Жанпейісов т.б. «Қазақ тілінің стилистикасы» (қосымша әдебиет); магнитофон үнтаспасына жазылған, радиодан сөйлеген сөз үлгісі.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Сүрақ - жауап, пікір алмасу.
Сабақтың барысы: Үйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
Қызығушылық ояту. 1. Көрнекілік. Оқушыны жетектейтін карта.
Денсаулығың қалай? Жаман емес.
Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба?
Жақында өздері келген.
(сөйлеу тілінен)
Мылжыңдап барасың, антұрған.
Құдай ақы, рас.
Біздің қатыннан құрт сұрап экетті.
(Ғ.Мұстафин)
- Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын ! ...
(М.Әуезов)
- Бүгін мен сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен.
(Ә.Нұрпейісов)
Мағынаны ажырату. 1) Дәптермен жүмыс. 2. Түсінгенін жаттығудан таба білу.
35 - жаттығуды жазып, талдау. 38 - жаттығуды шарты бойынша орындап, талдау. Жаттығу мәтінімен танысып мына бағытта жүмыс жүргізу.
а) Жаттығудағы сөйлеу өнеріне байланысты пікірлердің авторын табу. э) Автор жөнінде деректер айту.
б) Стиль түрлерін анықтау.
Ой - толғау. Автор орындығы.
сабақтың соңындарадио мен теледидардан магнитофон үнтаспасында жазылған ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу стилі туралы, маңызы туралы ойларын білу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 42, 43 - жаттығуларды орындау. Стиль түрлерін анықтау.