Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Сабақтың мақсатты :
а)Сөйлем ішінен қос сөздерді табуға , түрлерін ажырата білуге үйрету.
ә)Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру.
б) Ізденімпаздыққа,ұқыптылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.Ана тілі сабағымен байланыстыра өткіземін.
Сабақтың көрнекілігі: Сынау жұмысы, сызба.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі. Поэзия минуты.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі-туған тіліміз-қазақ тілі сабағы екен.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Жаттығуды тексеремін.
ә)Ережені сұраймын.
1)Қос сөз дегеніміз не?
2)Қос сөздер қалай жасалады?
3)Сызбамен жұмыс.
Қос сөздер
Бір сөздің қайталануы Қосарлану Күшейткіш буын
арқылы арқылы арқылы
Жиі-жиі үп-үлкен
Биік- биік бір-екі қып-қызыл
Тез- тез жоғары-төмен дөп-дөңгелек
әлсін-әлсін ата-ана қап-қара
3. Жаттығулар орындау.
244-жаттығу, 245- жаттығу. Тапсырмасын орындау.
4. Сергіту сәті. «Ішіне- сыртына» әдісі.
5. Біз қазақ тілімен қоса ана тілін де оқимыз. Ана тілінен не үйреніп , не білдік? Мен сендерге ана тілінен мақал-мәтелдерді қайталап келуді тапсырған болатынмын.Мақалдарыңда қос сөз кесдессе жаттап алындар дегем.
Оқушылар жауабы.
1. Терлей-терлей арық қазсаң
Күле-күле сез ішесің.
2. Жылы-жылы сөйлесең
Жылан інінен шығады.
6. Сабағымызды қорытындылау үшін шағын тест орындау.
1.Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз-... деп аталады.
А)біріккен сөз ә)қос сөз б)күрделі сөз
2.Сызбамен көрсет.
Жып шашын
Жора күле
Жауын жолдас
Күле жылы
3.Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады.Оларды ... дейміз.
А)біріккен сөз ә)қос сөз б)күрделі сөз
Қайта-қайта,жиі-жиі,қора-қора қос сөздері қалай жасалған?
А)қосарлану арқылы
ә)күшейткіш буын арқылы
б)қайталану арқылы
7. Үйге тапсырма беру. 249-жаттығу, ережелерді жаттау.
Оқушыларды бағалау.