Открытый воспитательный час Әліппемен қоштасу (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тақырыбы: «Қош бол,құтты әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әроқушыныңісәрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы есейіп отыр.Мне сол бүлдіршіндерді ортаға шақырайық(Музыка әуенімен вальс билеп оқушылар ортаға шығады.

1-бөлім Әдеби монтаж

1-Жүргізуші : Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе».

2-жүргізуші:. Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы жол

1- жүргізуші:.Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына еніп,білім нәрімен сусындап өсеміз.

2-жүргізуші: Ендеше сол сүйікті әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Асланбек

Қош келдіңіз ата-ана,

Бүгін бізде салтанат.

Төрімізден орын бар,

Құтты мейман болыңдар.

2-жүргізуші:Камила

Білім қуған баламыз

Оқып білім аламыз.

Салтанатпен той тойлап,

Бәріңді мәз қыламыз.

1-жүргізуші:

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Өзің берген біліммен,

Биікке самғап ұшармын.

Хор : «Мұғалім ол біздің»

1-оқушы: Мерей

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір әріпті,

Үйреткен оны әліппе.

2-оқушы: Әсем

«Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

3-оқушы: Әділ

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадыңба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры недетүсінші.

4-оқушы: Аида

Бар кітапқа бас болған ,

Әліппе ғылым атасы.

Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.


2-жүргізуші: -Ал балалар, осы ертеңгілігіміздің басты кейіпкері «Әліппе» досымызды ортаға шақырайық.

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Камшат Армысыңдар, жас достар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік

Кәне, ортаға салайық.

  • Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда менен не үйрендіңдер?

1-жүргізуші:

Сізге арналған өлең жолдарымызды қабыл алыңыз.

5-оқушы: Мансур

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

«Әліппе» білім –білім бесігі

Хор «Әліппе»

6-оқушы: Наргиза

«Әліппе» деген-алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

7-оқушы: Асхат

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппе

Ақылды сен мұғалім

8-оқушы: Аянат

Әліппем менің Әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

9-оқушы: Нұрдаулет

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған

Құтты болсын тойларың

10-оқушы: Ясмин

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін бізде салтанат

Ана тілмен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті білім, бойымыз

Құтты болсын тойымыз!

11-оқушы:Алмат

Мамам менен папам да

Атам менен апам да

Шопан, ұшқыш, ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Алғаш ашқан Әліппе

Хор «Анашым»

12-оқушы: Шұғыла

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой ақылды

Біздің елде үшеуі де кәделі


13-оқушы: Махамбет

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық


14-оқушы: Камила

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

15-оқушы: Мақсат

А әрпіне Т әріпін

Қосып едім АТ болды

Қосып едім АТ қа А ны

Атам оқып шаттанды

16-оқушы: Ару

Әнімізге ұласар

Әннің аты әліппе

Бәріміз де тіл ашар

Кітап аты «Әліппе»

17-оқушы: Ислам

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

18-оқушы: Нұрдәулет

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

19-оқушы: Әдемі

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп оған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Әліппе сөзі Камшат.

Ұстаздар мен балалар,

Аталар мен аналар

Танысыңдар досыммен

Достасыңдар осымен

Аттанғанда бүгін мен

Ана тілін таныңдар

Оқыпана тілін

Ақыл,білім алыңдар.

2-Жүргізуші

- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек?
- Рахмет саған, сүйікті Әліппем!(шапалақтап шығарып салады)

Ән «Рахмет саған,Әліппе қош сау бол!»

1-Жүргізуші Біз енді « Әліппемен» қоштасамыз
жолына гүлмен қоса жыр шашамыз .

Білімнің бұлағынан сусындауға
Ана тілі кітабымен достасамыз.
Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарын «Ана тілі» боламын.

Мен сендермен дос болғым келеді. Сендердің одан әрі жақсы оқуларыңа өз көмегімді тигіземін!

Ақын ағаларың мен дана бабаларың туралы сыр шертемін.
Ақыл-ойын дананы Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның.

Музыка әуенімен балалар сахнадан шығады.

2- бөлім Музыкалық бөлім.
2-Жүргізуші:

-Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол.

Өмір берген маған,

Көңіл бөлген маған

Қамқорлаған мені

Әкем менен анам.
Келесі шырқалар әніміз ата-аналарымызға арналады

Ән «Әке,ана.» орындайтындар Мерей, Аслан,Алмат.



1-Жүргізуші:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Бәріне біз үйреніп,

Сауат аштық тойладық-деп, келесі кезекте «Саңырауқұлақ саясында» атты көрініс тамашалаңыздар

Рөлдерде: 1.автор: Әдемі

Құмырсқа: Нұрдаулет

Көбелек: Аида

Тышқан: Әділ

Торғай: Ару

Түлкі: Камила

Қоян: Махамбет

Бақа: Асхат

2-жүргізуші:Ән менен күйшіні,

Жыршы мен бишіні

Ортаға алайық,

Жезтаңдай әншіні

Аянаттың орындауында «Ертегілер» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Мың бұралып билейтін,

Оқушылар көп бізде.

Ергежейлілер елінен,

Би арнаймыз біз сізге.

Биші қыздардын орындауында «Әліппе биі»

2-жүргізуші:


Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Ән «Әліппе»орындайтын Серікова Камила


1-жүргізуші:

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Би «Ергежейлілер»


2-жүргізуші

Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.

Хор « Мерекелік тарту»

1-жүргізуші:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтай келе , сөз кезегін

мектебіміздің директоры Жұмакелді Калымұлына береміз.













































































1.Құтты болсын алғаш тойымыз

Өсті біздің ақыл ойымыз

Әріптерді танып, білім нәрін алып

Ән шырқады ұл мен қызыңыз


Әріптерге бізді үйреткен

Тақылдатып ән сап сөйлеткен

Қош бол құтты әліппем, ана тіліналып мен

Өзіңменен қош айтысамын

Қ-сы:

Күнде думан күнде шаттық мереке

Арта берсін қазағымда береке

Бірлік бақыт болсын күліп шаттық енсін

Бар қазақтың үйіне


2.Қуанышын бөліскен бірге

Аман болшы ата-анам сізде

Жадыратқан жанды, өмір сыйлап мәңгі

Алғысымыз айтар көп сізге


Өздеріңмен мәнгі біргеміз

Ажырамас берік іргеміз

Аман болсын елім, мынау байтақ жерім

Даңқын артсын мектебім менің


1.Құтты болсын алғаш тойымыз

Өсті біздің ақыл ойымыз

Әріптерді танып, білім нәрін алып

Ән шырқады ұл мен қызыңыз


Әріптерге бізді үйреткен

Тақылдатып ән сап сөйлеткен

Қош бол құтты әліппем, ана тіліналып мен

Өзіңменен қош айтысамын

Қ-сы:

Күнде думан күнде шаттық мереке

Арта берсін қазағымда береке

Бірлік бақыт болсын күліп шаттық енсін

Бар қазақтың үйіне

2.Қуанышын бөліскен бірге

Аман болшы ата-анам сізде

Жадыратқан жанды, өмір сыйлап мәңгі

Алғысымыз айтар көп сізге


Өздеріңмен мәнгі біргеміз

Ажырамас берік іргеміз

Аман болсын елім, мынау байтақ жерім

Даңқын артсын мектебім менің


1.Құтты болсын алғаш тойымыз

Өсті біздің ақыл ойымыз

Әріптерді танып, білім нәрін алып

Ән шырқады ұл мен қызыңыз


Әріптерге бізді үйреткен

Тақылдатып ән сап сөйлеткен

Қош бол құтты әліппем, ана тіліналып мен

Өзіңменен қош айтысамын

Қ-сы:

Күнде думан күнде шаттық мереке

Арта берсін қазағымда береке

Бірлік бақыт болсын күліп шаттық енсін

Бар қазақтың үйіне


2.Қуанышын бөліскен бірге

Аман болшы ата-анам сізде

Жадыратқан жанды, өмір сыйлап мәңгі

Алғысымыз айтар көп сізге


Өздеріңмен мәнгі біргеміз

Ажырамас берік іргеміз

Аман болсын елім, мынау байтақ жерім

Даңқын артсын мектебім менің


1.Құтты болсын алғаш тойымыз

Өсті біздің ақыл ойымыз

Әріптерді танып, білім нәрін алып

Ән шырқады ұл мен қызыңыз


Әріптерге бізді үйреткен

Тақылдатып ән сап сөйлеткен

Қош бол құтты әліппем, ана тіліналып мен

Өзіңменен қош айтысамын

Қ-сы:

Күнде думан күнде шаттық мереке

Арта берсін қазағымда береке

Бірлік бақыт болсын күліп шаттық енсін

Бар қазақтың үйіне

2.Қуанышын бөліскен бірге

Аман болшы ата-анам сізде

Жадыратқан жанды, өмір сыйлап мәңгі

Алғысымыз айтар көп сізге


Өздеріңмен мәнгі біргеміз

Ажырамас берік іргеміз

Аман болсын елім, мынау байтақ жерім

Даңқын артсын мектебім менің