Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы, КММ Ю.Гагарин атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Базарбай Айный
Пән атауы: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауаның құрамы, қоспалары жайлы түсінік бере отырып, су мен ауаның тіршілік үшін қажет екенін түсіндіру.
Дамытушылық: ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың білімділігін, біліктілігін пысықтау. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға баулу, суды үнемдеп жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Құралдар: интербелсенді тақта, электронный оқулық, тапсырмалар, жеке топтама, тест.
Сабақтың әдістері: ауызша, көрнекілік, баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, өз бетінше жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың тәсілдері: топтастыру, бүкіл сыныппен жұмыс, жекелей жұмыс, топпен жұмыс.
Пәнаралақ байланыс:
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқу құралдарын даярлату
ә) Психологиялық даярлық Торғайларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Бәрін-бәрін қорғап біз,
Мейірімді сақтаймыз.
Отанды біз сатпаймыз,
Ақылсызға жатпаймыз.
Халқымныңбіз үмітін,
Әрқашанда ақтаймыз.
Біз бүгін сабағымызды әр түрлі ойындар ойнау арқылы «Табиғаттағы су» тарауы бойынша алған білімімізді пысықтаймыз, ауаның құрамы, қоспалары жайлы түсінік алып, су мен ауаның тіршілік үшін пайдасын, оның қасиеттерін білеміз.
Қандай қазақ батырлары бар еді?
«Алпамыс батыр», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр»
Ендеше сол батырлардың атауымен үш ауылға бөлінеміз.
Балалар біз қандай ұлттық ойындарды білеміз?
«Қыз қуу», «Бәйге», «Ат жарысы», «Орамал тастау» т.с.с.
«Ат жарысы» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру
І Ластанған су деп қандай суды атайды?
Завод
Тағам қалдықтары Мұнай өнеркәсібі
Жуындылар Судың маңайына күл қоқыстар төгу
Көліктер Өнеркәсіп
Теміржол Шахта
ІІ Суды қорғауға сендер қандай үлес қоса аласыңдар?
2.Лас судағы зиянды заттар
3.
Тұндыру
Қайнату Сүзу
Хлорлау
ІІІ 2-3 оқушыға түсінігін айтқызу
ІІ. Топпен жұмыс
І деңгейлік тапсырма
1.Жауын – шашын қалай пайда болады?
2. Судың неше түрлі күйі болады?
ІІ деңгейлік тапсырма
«Шипалы сулар» деп қандай суларды атайды?
Картадан Каспий теңізін, Арал теңізін, Балқаш көлін көрсет.
ІІІ деңгейлік тапсырма
1.Табиғатта қоспасы жоқ тап-таза су бола ма?
2.Картадан Іле, Жайық, Ертіс, Сырдария өзендерін көрсет.
ІІІ. «Кім жылдам» ойыны
Сөздерді орнына қойып мақал құрап жаз.
«Тамшы пайда бір су жерге» «Бір тамшы су – жерге пайда»
«Кім көп білді?» Жұмбақ, мақал-мәтел жарысын өткізейік.
Ал, енді балалар су туралы тарауды пысықтау, қорытыныдылау үшін келесі ойынды ойнаймыз.
Судың тірі ағзалар үшін басты қасиеттерін көрсет:
А. Аққыштық Б. Дәмсіз, түссіз В. еріткіш
Жер бетінденеше мұхит бар?
А 2 Б 3 В 4
Жағасында Елордамыз Астана орналасқан өзен:
А Жайық Б Есіл В Ертіс
Жер асты суларын калай атайды?
А тұщы Б топырақты В көрінбейтін
Жер асты суларының негізгі қайнар көзі:
А еріген қар Б мұздықтар В жауын-шашын
Қазақстандағы белгілі шипалы су куроты:
А Ессентуки Б Сарыағаш В Боржоми
Тест жұмысын тексеру.
Б
В
Б
А
В
Б
«Ат жарысы» ойынының қортындысын шығару.
ІҮ Жаңа сабақ
-Тіршілік үшін не қажет? Су, ауа
-Олай болса, 2-3-сыныпта өткен ауа қасиетін еске түсірейікші.
1.Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы қандай? (ауасыз тіршілік жоқ, өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды.)
2.Қандай жағдайда ауаның көлемі өзгеріп отырады? ( күн шуағы қатты ысығанда көлемі кеңейеді, ал суығанда көлемі кішірейеді)
3.Жаңа тақырып бойынша түсініктеме беру.
-Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат – атмосфера. Оның қалыңдығы 100км-ге дейін жетеді. Ауа – әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы негізінен, азот пен оттегіден тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында бар.
Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78% - азот, ал 21% оттегінің үлесінде.
Егер адам тәулігіне 4 – 5 литр су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 литр ау жұтады. Оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде 550-570 миллион жыл бұрын пайда болған.
Мәтінді толық 2 – 3 оқушыға оқыту.
Венн диограммасы арқылы «Шеңбер» ойынын су және ауа қасиеттерін ойлау қабілеті арқылы салыстыру.
Су Ауа
Ү «Ханталапай» ойыны (Оқушы түсініктерін тексеру)
1.Ауаның құрамында қандай қоспалар бар?
2.Азот оттегіден неше есе көп?
3.Ауаның құрамы неліктен тұрақты болады?
4.Ауаға су буы қайдан келеді?
5.Оттегінің тіршілік үшін маңызы неде? Ол үшін не істеу керек?
6.Адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?
ҮІ Қорытынды: (ой толғаныс)
1.Бүгінгі сабақта не білдік? (ойын ойнадық, тест жұмысын орындадық, мақалдан жарыс жүргіздік)
2.Қандай тақырыппен таныстық? Ауа құрамы
3.Не ұқтық? Ауасыз, сусыз тіршілік жоқ.
4.Ауа туралы мақал білесіңдер ме?
ҮІІ Үйге тапсырма: 58-59 беттерді оқу, мазмұнын айту, сұраққа жауап, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау
ауаға байланысты.
ҮІІІ Бағалау