|
Қазақ тілі Сөз таптары
Автор публикации: Азилханова Р.Ж.
Дата публикации: 2016-05-06
Краткое описание: ...
Бастауыш сынып мұғалімі : Азилханова Рысгуль Жапасовна
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сөз таптары туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу. Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ - жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге, тазалықты сақтауға, жауапкершілікке, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, ассоциация, Венн диаграммасы. Сабақтың түрі: Көрнекілігі: Сөз таптарының ережесі, суреттер, сөзжұмбақ, Венн диаграмасы, үлестірмелі материалдар.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру бөлімі. Қызығушылықты ояту Орнымыздан тұрайық Мойнымызды бұрайық. Амандасып алайық, Амансыз ба достарым, Амансыз ба мұғалім. Білгір қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы.
Балаларды түстер арқылы топтарға бөлеміз. ІІ. Мағынаны тану. Сөзжұмбақ шешу арқылы өткен сабақты қайталау, үй тапсырмасын тексеру. Сан есім
ІІІ. Көркем жазу минуты. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Көркем етіп жазайық. Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.
ІV. Ой қозғау. Балаларға допты көрсетіп сұрақтар қою арқылы сөз таптарын шығарып алу. Әр топқа сөз табының атауын беру. «Бәйге» ойыны арқылы әр топ өздерінің атын қорғайды. Әр топ сөз таптары туралы ережелерді еске түсіріп айтады. Ұпай санына қарай бағаланады.
V. Оқулықпен жұмыс 1 – жаттығу. Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жазу. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не? Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз заттың біреуге тән екенін білдіруі. Зат есім үш жақта, жекеше және көпше түрде тәуелденеді. Тәуелдік жалғаулары:- м,- ң,- і,- сы,- сі,- ің,- ың, - іңіз, - ыңыз.
2 – жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз. Шешуі: Қарындас.
VІ. Сергіту сәті. Сен маған. мен саған ойыны. Мақал – мәтелдерді мұғалім басын айтады оқушылар жалғастырады. 1, 2, 3 – қарлығаш болып ұш. 4, 5, 6, – қарлығаш болып шалқы 7, 8, 9, 10 – қарлығаш болып қон! 4 – жаттығу. Өлеңді оқып, туынды етістіктерді тауып сөз құрамына талдау. Туынды етістіктер қай сөз табынан жасалып тұрғанын айту. Мыс: Бұзаулады – бұзау (зат есім)
VІІ. Ой толғау. Сандар сөйлейді ойыны. 1, 9, 1991, 2017 сандары алдағы уақыттардағы елеулі оқиғаларға байланысты. Сол жөнінде әр топ өз ойын ортаға салады.
VІІІ. « Сәйкестендір?» ойыны. 5 - жаттығу. Зат есімді етістікпен сәйкестендіріп сөйлем құрау. Қандай сөйлем екенін айту. Етістік қандай қызмет атқарып тұр? Жалаң сөйлем. 6 - жаттығу. Негізгі сын есімдерге берілген жұрнақтардың тиістісін жалғап, сөйлемдер құрау. Жұрнақ жалғанғанда сын есімнің мағынасы қалай өзгергеніне мән беру.
ІХ. Сабақты бекіту. Тест тапсырмалары: 1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады? А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім 2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: Бес, жеті, отыз төрт А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім 3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады? А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім 4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қара, қоңыр, таза, ұқыпты А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім 5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады? А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер 6. Жалқы есімді тап. А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам 7. Жалпы есімді тап. А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек 8. Күрделі етістікті тап. А) ойнады Ә) жазды Б) келді В) бара жатыр 9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап? А) он Ә) жиырма екі Б) екінші В) бес жүз 10. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет? А) үшеу терезе Ә) екі түйе Б) қақпаға алтыншы В) алтау дәптер Өзін - өзі бағалау. 10 – 9 балл – «5» 8 – 6 балл – «4» 5 – 3 балл – «3» 2 – 0 балл – «2» • ХІ. Сабақты қорытындылау. Әр топ топтастыру стратегиясы бойынша сөз таптары туралы білетіндерін қорытып шығарады.
ХІІ. Үйге тапсырма 8 – жаттығу
ХІІІ Бағалау. Әр топты алған фигураларына байланысты бағалаймын. Жеке оқушыны да бағалаймын. • Орнымыздан тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау - саламат болайық
|
|