Әліппе Өткенді қайталау ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды қайталап еске түсіре

отырып, алған білімдерін толықтыру. Ойын арқылы

оқыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру. Сұрақтарға толық жауап беруге

дағдыландыру.

Дамытушылығы: Сұраққа жауап ала отырып, есте сақтау, жылдам ойлау,

ойын толық жеткізе білу қабілетін дамыту.

Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұжыммен жұмыс жасауға, бір-бірін сыйлауға,

ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ-жауап

Сабақтың құрал-жабдығ: бағалау парақтары, қималар, суреттер, сандар

салынған қорап, екі топтың ұрандары

жазылған плакаттар , марапаттау қағаздары.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, түгендеу. Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақта «Бақытты сәт» ойыны арқылы өтетінін айту. Ойын ережесімен таныстыру. Оқушыларды «Сұңқар» және «Тұлпар» деп екі топқа бөлу. Ойын 5 геймнен тұрады:

І- гейм. «Бой сергіту»

ІІ-гейм. «Қораптан шыққан қатырғылар»

ІІІ-гейм. «Жұмбақтас»

ІҮ-гейм. «Сен маған, мен саған»

Ү-гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

Мұнда бағалу парағы бірден жүргізіліп отырады. Жұлдызша 5 балл, төртбұрыш 4 балл, үшбұрыш 3 балл болып есептеледі.Ойын барысында бағалау парағына сәйкесосы белгілер беріліп отырады.

Бірінші топ басшылары өз тобын таныстырып, ұрандарын айтып шығады.

І-гейм. «Бой сергіту». Екі топқа үй тапсырмасы бойынша 5 сұрақтан 10 сұрақ беріледі. Әр топ мүшесі жауап береді. Сұрақтар Һһ дыбысы және «Қаһарман» мәтіні бойынша беріледі. Алдымен мәтінді оқып шығамыз.

«Сұңқар» тобының сұрақтары

  1. Һһ дыбысы қандай дыбыс және ло сөздің қай жерінде кездеседі?

  2. «Айдаһар» сөзіне дыбыстық талдау жаса

  3. Қазақ халқы қандай халық?

  4. Қазақтың қандай батырлары бар?

  5. Ал батыр қыздарымыз бар ма?

«Тұлпар» тобы мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.

  1. «Қаһарман» сөзіне дыбыстық талдау жаса

  2. «Жиһаз сөзінің» мағынасын түсіндір

  3. Батырларға қандай атақ беріледі?

  4. Қазіргі кездегі қаһарман қандай ұл-қыздарымызды білесіңдер?

  5. Олар қандай ерлік жасады? Мына әріптерді ата Аа, Ққ, Һһ, Сс, Ұұ.

Әр топтың жауаптарына сәйкес балл беріледі.

ІІ-гейм. «Қораптан шыққан қатырғылар». Мұнда топ басшысы қорпаптан шарлар алып, шардағы санға сәйкес сұрақтарға жауап береді.

  1. «Ыы» дыбысына талдау жаса

  2. «Етікші» сөзін жікте

  3. «Оқулық» сөзін тәуелде

  4. «Қорғасын» сөзіне дыбыстық талдау жаса

  5. «Кк» әрпінен басталатын 5 сөз айт

  6. «Балалар мектепке келді» сөйлем неше сөзден құралған?

  7. «Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады» жұмбақтың шешуін тауып, сөйлем құра.

  1. Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер айт.

Топ басшыларының берген жауаптарына сәйкес топтарға балл беріледі.

ІІІ-гейм. «Жұмбақтас» Мұнда жалпы 3 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып белгілерін көтерсе сол топ жауап береді.

  1. Жыл мезгілдері жайлы сөйлем құрап, оны тақтаға жазу

  2. «Терек» сөзінің соңына «І» дыбысын қосып айт, сөз қандай өзгеріске ұшырады, ненің әсерінен?

  3. Не істеді? Сұрағына жауап беретін 5 сөз айт.

ІІІ-гейм бойынша баллдары жазылады.

ІҮ-гейм. «Сен маған, мен саған» Мұнда оқушылар өздері дайындап келген сұрақ тары бойынша жауап алынып баллдары беріледі. Әр топ 2 сұрақтан дайындауы шарт.

Ү-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Мұнда алдын ала дайындалған 10 сұрақ қойылады. Сұраққа барлық оқушы жауап бере алады. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады. Айтылған әрбір дұрыс жауапқа 1 фишкадан беріліп отырады. Гейм соңында фишкалар саналып, баллға қосылады. 1 фишка 1 балл болып есептеледі.

  1. «Аа» дыбысына талдау жаса

  2. Кез келген сөзді тәуелде

  3. Дауысты дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Қандай? Сұрағына жауап беретін 5 сөз айт

  5. Жуан дауыстыларды ата

  6. Дыбыстарға байланысты сергіту өлеңдерін айт

  7. Кез келген сөзді жікте

  8. «Ұұ» дыбысына талдау жаса

  9. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  10. Қозы, лақ, бота, бұзау, құлын бұлар нелер? Қандай сұраққа жауап береді?

Екі топтың баллдары бағалау парағы бойынша есептелініп, қорытынды баллдары шығарылады. Жеңіске жеткен топ «Тәуелсіз еліміздің дарынды ұландары», ІІ-топ «Тәуелсіз еліміздің білімді ұландары» атағымен марапатталады.









Бағалау парағы

(«Бақытты сәт» ойыны)

« »-5

« »-3,4

« »-1,2

« »-4

« »-3

« »-1,2

« »-3

« »-2

« »-1

« »-2

« »-1

« »-0

« »7,8

« »-5,6

« »-3,4


«Сұңқар тобы»

1

2

3

4

5






1

2

3

4





1

2

3




1

2





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Дұрыс жауаптар саны