Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Геолог
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау. Геолог –ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен таныстыру.
ә) Оқушыларды Әбубәкір Қайрановтың өлеңімен таныстыру, түсінік беру, өлеңнің мазмұнын ашып, талдау жұмыстарын жүргізу.
б) Оқу дағдысын дамыта отырып, қазба байлықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Қаныш Сатпаев суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
Түстер арқылы топқа бөлу. Темір. Алтын. Тұз. Көмір.(оқушылар осы пайдалы қазбалар жайлы білетінін айтып өтеді)
Психологиялық дайындық: Дайынбыз біз бәріне,
Үйренеміз әлі де.
II. Үй тапсырмасын сұрау: «Суретші аға Қастеев» жатқа сұрау.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
ІV. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақ шешу.
- Ж
А
Б
А
Е
В
О
Н
К
Ү
Л
Ә
Ш
Ш
О
Қ
А
Н
Д
Ә
Р
І
Г
Е
Р
Бейбітшілік құсы.
Жыр алыбы, жүз жасаған ақынның тегі кім?
Ең кіші екі таңбалы сан.
«Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші кім?
«Бала Шоқан» әңгімесінің басты кейіпкерін айт.
Ауырғанда емдейтін маман.
—Балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма? Ол қандай
мамандық иесі?
Геолог- қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.
—Бүгінгі сабағымызда біз геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен танысамыз. (видеоролик көрсету)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ( [link] (Мұғалім, дәрігер, тәртіп сақшысы, аспазшы суреттері беріледі. Ауызша сөйлем құрау.)
V. Қорытынды: Қандай маман иесі болғыларың келеді?
VI. Үйге тапсырма : «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқу
VII. Бағалау.