«Бөлу мен көбейтудің өзара байланысы».
Сынып: 2 сынып
Сабақ: математика
Сабақтың тақырыбы:«Бөлу мен көбейтудің өзара байланысы».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: көбейту мен бөлудің орындалу тісілін, өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
2. Дамытушылық: көбейту мен бөлуге өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау,
Сабақтың көрнекілігі: ойындар, суреттер, ребус
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң ботам» - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Сабақта топтардың ережелерін еске салу.
1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
- Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?
Біз білімді баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!
І. Үй тапсырмасын тексеру.
ІI. Қызығушылығын ояту.
Қосу мен азайтуға арналған есептерді тақтадағы кестеге толтыру (оқушылар кезектесіп тақтаға шығады)
Жаңа сабақ:
Ребус шешу
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Бөлу мен көбейтудің өзара байланысы».
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
№ 1. Сурет бойынша құрастырылған тура теңдіктерді оқыту. Өзара қалай байланысқанан айтып, қорытынды шығару. ( Тақырыпты ашу)
3 * 4 = 12 12 : 4 = 3
Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар
Сөйлемдерді аяқта:
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе,онда ... . егер бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтсе, онда ... . егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда ... .
№ 2. Көбейту мен бөлуге өзара байланысты теңдіктер құрастыр.
3 * 4 = 12 2 * 3 = 6
4 * 3 = 3 * =
12 : 3 = 6 : =
12 : 4 = 6 : =
№3. Суреттер мен сұрақтар бойынша есептер құрастыру. Яғни тақтада ілінген суреттермен жұмыс жасау.
8 шие 4 тәтті тортқа тең бөлініп қойылды. ( оқушылар суретті бөліп орналастыру қажет) Әр тәтті нанда неше шие болды?
4 ыдыста неше литр сүт бар?
Сергіту сәті.
Ойын ойнату. «Әмиянға ақша салу»
Әр әмиянға 20 теңгеден ақша бөліп салу қажет. Тақтаға 2 оқушы шығады.
№4. Есептерге өрнек құрастыру және жазу.
а) Апам қысқа арнап әрқайсысы екі литрлік 10 банка тосап дайындады. Апам қанша литр тосап дайындады?
ә) 3 қағаз қапшық ұнның массасы 12 кг-ды құрайды. Бір қағаз қапшықтың массасы қанша?
( тақтада орындау)
№6. Теңдеулерді шеш.
Х-270 = 302 + 48 820 – 310 + к = 900
Х – 270 = 350 510 +к =900
Х = 350 + 270 к = 900 - 510
Х = 620 к = 390
620 – 270 = 350 510 + 390 = 900
Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
188 бет № 5
Бағалау:
«5» - бәрекелді,
«4» - шіркін,
«3» - әттең