Математика .Сабақ жоспары: тақырыбы: Қайталау3сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


12.05.16ж.Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: а)үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жағдайындағы білімдерін кеңейту; ә) оқушылардың ақыл-ойын шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру.б)оқушылардың өз ойын толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулау. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі таратпалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту.

II.Үй тапсырмасын тексеріп бағалау. Математикалық диктант.

III. Қайталау. «Саяхатқа шығайық» ойыны- Балалар алдымызда не көрініп тұр?- Иә, орман. Осы орманда қандай аңдар мекендейді, ашып көрейік.

Кім шапшаң? ойынын ойнайық. Жұмбақ шешейік.

- Тиіннің тапсырмасын қарайық: Есеп1.

Қоянның тапсырмасы: № 2.

Кесте бойынша есеп құрастыр және шығар.

Шешуі: 7сағ+3сағ=10сағ 1000км:10сағ = 100км/сағ

100км/сағ*7сағ = 700км 100км/сағ-3сағ= 300км 700км+300км= 1000км

Жауабы: машина 700км, мотоцикл 300км жол жүрді.

Түлкі туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайда? (түлкішек)

Түлкінің тапсырмасы. №3. Есеп құрастыр .Тақтаға шығару.

IY.Сергіту сәті:Ойын: Кім шапшаң?

Қасқырдың тапсырмасы: №4. Салыстыр. Өз бетімен орындау.

Аюдың тапсырмасы. №5. Теңдеуді шешу. №7.Топпен жұмыс.

Y. Логикалық есеп «Қасқыр мен түлкі» Қасқыр мен түлкі балық аулайды. Екеуі бөліп жемекші болып қасқыр түлкіге «Сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықты сен бөлсейші»,- деді. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтынын пайдаланып, былай бөліпті.1 – еуі саған, 2 – еуі маған 3 – еуі саған, 4 – еуі маған5 – еуі саған, 6 – еуі маған. Қасқыр-9,түлкі - 12 Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?

YI. Бағалау. Үйге: №8.