Урок по математики для 2 класса Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



«№ 2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Жүздіктермен, ондықтармен

және бірліктермен санау


(Математика пәні)

2 «А» сынып











Бастауыш сынып мұғалімі Ш.Ж.Жаманбаланова






2015-2016 оқу жылы


Тақырыбы: Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау

Мақсаты:
1. Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру. Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санауды үйрету;
2. Математикалық тілін, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақтармен сәлемдесу.

1. Психологиялық тренинг:

2. Алдымызға мақсат қою:

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбектену.

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

3. Қағидаларды айту:

  • Біліміңді ортаға сал;

  • Досыңның сөзін бөлме;

  • Мұқият тыңда;

  • Тәртіпті бол;

4.Топқа бөлу:Фишкалар бойынша топқа бөлу.

I-топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны:

Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топтың аты – «Тұлпар»

Ұраны:

Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топтың аты – «Болашақ»
Ұраны:

Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

IV-топтың аты- “Достық»

Ұраны:

Аққуды атпаймыз,

Достықты сатпаймыз

II.Негізгі бөлім:

1. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Imektep» ресурсын пайдаланып, жаңа тақырыптың түсіндірмесін қою.
2.Ұшқыр ой.

3. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы №1,2,3 тапсырмаларды орындау

III. Білімдерін кеңейту.

1.«Артығын тап»

Келесі сандардың әр қатарынан артық санды тауып айту.


2. «Сәйкестендіру»

Әр сурет қандай санға сәйкес екенін табу.

[pic]

[pic]

3. Өзіндік жұмыс. Жазбаша берілен сандарды цифрмен жазу.

[pic]

[pic]

4.«Көршісін тап» ойыны. Берілген сандардың алдыңғы және кейінгі сандарын жазу. [pic]




«Сұңқар» тобына:

125


234



347



461



«Тұлпар» тобына:

538


200



400



500


«Болашақ» тобына:

760


890



639



309


«Достық» тобына:

409


529



599



999



5. Кестеге орналастыр. Берілген сандарды тиісті орнына орналастыру.

1-топ. 506, 708, 99, 5, 990, 478

2-топ. 406, 552, 52, 4, 190, 847

3-топ. 606, 402, 86, 6, 980, 752

4-топ. 806, 850, 10, 9, 590, 600



6. Есеп шығару. Оқулықтағы №5.

IY. Қорыту.

V. Үйге тапсырма.

VI. Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін формативті бағалайды.













[pic]