Күні:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен сабақтарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.
2. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып келетінің, дауыссыздардың түрлері мен емлесін қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Үнтаспадан құстың шықылықтағаны, жаңбырдың сылдыры, жылқының кісінегені, судың аққаны, тағы басқа дыбыстар тыңдау.
- Балалар, не тыңдадық? (әртүрлі дыбыстарды)
- Ал адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады. Өйткені дыбыстардан не жасалады? (дыбыстардан сөздер жасалады)
- Дыбыс пен әріптің екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
- Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі.
Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атап беріңдер. (өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін)
- Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
- Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды атап шығыңдар.
Дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, ұ,ү, ы, і, е, е, и, у, э, ю,я
- Ю, я, е, э әріптері қандай сөздерде кездеседі? (көбінесе орыс тілінен енген сөздерде. Мысалы: экран, яхта, шахтер, сюжет)
- Ю, я әріптері кездесетін қазақ сөздеріне мысал келтіріңдер. (аю, ою, пияз, таяз, қоян)
- Дауысты дыбыстар не құрайды?
Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.
- Дауыссыз дыбыстар жайында не білеміз? (дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды, сондықтан созып, әндетіп айтуға келмейді. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады).
Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстармен буын құрауға бола ма?
У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
ІІ. Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдері пысықталғаннан кейін оқулықтағы жаттығуларды орындау.
1-жаттығу
1. Т. Молдағалиевтің өлеңін жатқа жазуға тапсырма беру:
а) өлеңді 1-2 оқушы дауыстап оқиды.
ә) өлеңнің мазмұнын талдау.
б) оқушылар өлеңді іштей бірнеше рет оқиды.
в) өлең жатқа жазылады
2. Мектеп, есік сөздеріне ( мектеп- мектебі, есік – есігі) –ы, - і жалғауларының тиістісін жалғап , түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін оқушылардың өздеріне анықтату. Қосымшалар дауысты дыбыстардан басталғанда қ, к, п, дыбыстары ұяңдап, ғ,г,б дыбыстарына айналытыны естеріне түседі. Қ,к,п, дыбыстарына аяқталатын сөздерге мысалдар келтіріп, оларға дауысты дыбыстан –ы, -і жалғауларын жалғап айту.
3. Сурет бойынша «Оқу-білім бұлағы» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастырады.
2-жаттығу. Өлеңді оқу
Қарамен жазылған қазағым, түнегін, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып жазып, бұл сөздердің неліктен өзгергенін анықтау.
Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеп жазу.
Қатаң дауыссыз дыбыстар: қ,т,с,к,п,ш.
Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,з,д,ж,г,ғ.
Үнді дауыссыз дыбыстар: м,н,ң,й,л,р.
3-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Бұл жаттығуды орындау барысында көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетін э,ф,ц,в,ч,щ дыбыс әріптерінің қолданылуы туралы мысалдар келтіреді.
Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінде ғана ф әрпінің де араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздерде жазылатынын ескерту. Мысалы: ащы, тұщы, кеще, Фарида, саф (алтын) т.б.
4-жаттығу. мәтін оқылғаннан соң «Оқығанның көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деген сөзге оқушылардың пікірін тыңдау.
Мәтіндегі соңғы абзацты көшіріп жазу және жуан жауысты дыбыстардың астын бір, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сызу.
5-жаттығу. Л, р әріптері сөз басында келгенде алдынан ы, і естілгенімен, жазылмайды. Жаттығудан тек дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жазу.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
1. осы сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау.
2. Б дыбысына аяқталатын сөздерді еске түсіру.
3. Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылатыны айтып кету.
Үйге тапсырма: