Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша 2-3 сыныптарға арналған тестілеу жинағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ақмола облысы

Жақсы ауданы

«№2 Жақсы орта мектебі» КММ












Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша 2-3 сыныптарға арналған

тестілеу жинағы













Дайындаған: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Л.Е. Сакишева








Жақсы ауылы - 2016 ж.


«№2 ЖОМ» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Е.Сакишева

Сакишева Л. Е. өзінің педагогикалық қызметінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, шығармашыл, жаңашыл педагог ретінде көрсетіп жүр.

Әдістемелік тақырыбын оқушылардың шығармашылығын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін жетілдіру үшін таңдайды.

Сауаттылыққа көп көңіл бөледі. Сондай әдіс-тәсілдерінің бірі тест жинақтарын құрастырғаны. Осы жинақтың ішінде 2-3 сыныптарға сай құрылған тапсырмалары баршылық. Тапсырмалары әртүрлі деңгейде.

Жинақ жас мамандарға арналған.




Рецензент КММ «№2 ЖОМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.М.Асатова
















Түсінік хат

Қазақ тілі пәні бойынша тестілеу тапсырмалары жалпы білім беретін мектептердегі 2 - 3 сыныптарға арналған. Олардың көмегімен қазақ тілі пәнінен 2 - 3 сыныптарда оқытылатын барлық тақырыптар бойынша оқу жетістіктерін тез және тиімді бағалай алуға болады. Оқушының білім деңгейін анықтауда бақылаудың жаңаша түрі – тест қазіргі заманның талабы және қажеті.

Тест дегеніміз – тәжірибе, тексеру деген сөз. Тестілер оқушылардың сөйлеу құзыретін тексереді және тілді игеру дәрежесін анықтайды.

Сонымен қатар тест тапсырмалары мұғалімге бағдарламалық

материалдардың қорытынды және аралық бақылауды меңгеруді ұйымдастыруға көмектеседі. Тест тапсырмалары «Қазақ тілі» сабақтарына қызығушылықтарын арттыруға, білім деңгейін көтермелеуге көмегін тигізеді, сабақты неғұрлым мазмұнды өткізуге және ұйымдастыруға көмектеседі. Әдістемелік құралды оқу материалын қайталауда және жалпылауда пайдалануға болады. Қазақ тілі пәні бастапқы оқу сатысындағы мемлекеттік білім берудің ең маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Бұл тест тапсырмалары қазақ тілі пән мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Тестілеудің мақсаты:

1. Сөйлеу тілі қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, ойлау, жазу) меңгеретін оқушының жеке тұлғасын жан-жақты коммуникативті қалыптастыру және тәрбиелеу.

2. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін, шығармашылық қабілетін арттырып, ой-өрісін өсіруге, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Оқу процесінде алған білімін қорыту, қолдану, әрі қарай дамыту.

4. Сабақ беру әдісін, бағдарламаның сапасын және оқыту мақсатын зерттейді.

5. Оқытудағы кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол ашады. Соның нәтижесінде сабақ жоспары талданып, түзетулер енгізіліп отырады.

6. Тақырып арасындағы байланыстарды қамту және оқушылардың өткен тақырыптарды еске сақтау қабілетін арттыру.

Міндеттер:

-тестілеумен танысу, оқушылардың бойында шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.

-тест жұмыстары орындалады.

-тест арқылы оқушы өзінің білімін жеке қабілетін көрсете біледі, өз-өзін бағалай алады. Сабақтағы қолданған технологиялар түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа деген ынтасын арттырады.


Тест тапсырмаларын құрастырудағы негізгі талаптар


  1. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін есепке алу

  2. Күрделі емес тест құрылымдарын пайдалану

  3. Қысқа да нұсқа тапсырмаларды тағайындау

  4. Тапсырмалар көлемі 20 сұрақтан аспауы тиіс

  5. Жауаптар көлемі 3-тен аспауы тиіс

  6. Тестілеу уақыты 1 минутта 1 жұмыс орындалуы тиіс, яғни 20 минут








2 – сынып Тест тапсырмаларын орында

1. Жіктік жалғауы бар сөзді тап

а) биле

ә )ойнаймын

б) жүру

2. «Кімге» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) Мақсатқа

ә) Әділмен

б) Әсетпен

3. Оқушылар қайда отыр?

а) мектепте

ә) мектепке

б) мектептің

4. Таңертең не істейсің?

а) аяғымды жуамын

ә) шашымды жуамын

б) бетімді, қолымды жуамын

5. Неше қолың бар?

а ) үш

ә) екі

б) төрт

6. «Кіммен?» деген сұраққа жауап

беретін сөзді тап

а) Ажарға

ә) Жұлдызбен

б) Қанатқа

7. Жазда неше ай демаламыз?

а) 1ай

ә) 2ай

б) 3ай

8. Жазда не істейсің?

а) өзенге шомыламын

ә) мектепке барамын

б) сыныпта отырамын

9. Қыста не жауады?

а) жапырақ

ә) жаңбыр

б) қар

10. Қысқы киімді тап

а) тақия

ә) тон

б) жейде

11. Жіктеу есімдігін тап

а) не

ә) сен

б) анау

12. «ә,ө,ү,і» қандай дыбыстар?

а) жуан

ә) қатаң

б) жіңішке

13. «а,о,ұ» қандай дыбыстар?

а) ұяң

ә) жіңішке

б) жуан

14. Жуан дауысты дыбысты табыңыз

а) а

ә) б

б) ә

15. Жіңішке дауысты дыбысты табыңыз

а) о

ә) ү

б) в

16. «ыншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді табыңыз

а) отыз

ә) екінші

б) үшеу

17. Реттік сан есімді тап

а) алты

ә) жиырма төрт

б) үшінші

18. «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) қызыл

ә) дос

б)гүл

19. Көптік жалғаулы сөзді тап

а) анаммен

ә) аталар

б) Дильназбен

20. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.Аудар

а) Казахский язык – мой родной язык

ә) Казахский язык – независимый язык.

б) Казахский язык – государственный язык.







3 – сынып Тест тапсырмаларын орында


1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет.

а) ә, ө,і, һ, ұ, ү, м, қ, п.

ә) ә, ғ, қ, ң, ө, і, ұ, ү, һ.

б) ө, қ, ғ, ң, ұ, і, һ, с, ы

2. Қазақ тілінде қандай дыбыстар бар?

а) дауыссыз дыбыстар бар

ә) дауысты дыбыстар бар

б) дауыссыз, дауысты дыбыстар бар

3. Бір жылда неше ай бар?

а) 12

ә) 11

б) 13

4. Бір аптада неше күн бар?

а) 8

ә) 6

б) 7

5. Жаз айларын көрсет.

а ) шілде, тамыз, мамыр

ә ) тамыз, маусым, наурыз

б) маусым, шілде, тамыз

6. Күз айларын көрсет.

а) қыркүйек, қазан, қараша

ә) қазан, қараша, қырқүйек

б) қырқүйек, қараша,қазан

7. Қыс айларын көрсет.

а) желтоқсан, ақпан, қаңтар

ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан

б) қаңтар, ақпан, қаңтар

8. Көктем айларын көрсет.

а) наурыз, сәуір, мамыр

ә) наурыз, мамыр, сәуір

б) сәуір, мамыр, наурыз

9.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а) 33

ә) 35

б) 42

10.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

а) 9

ә) 37

б) 8

11. Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?

а) 15

ә) 25

б) 26

12. Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

а) раушан

ә) бәйшешек

б) меруертгүл

13. Қатаң дауыссыздарды көрсет

а) қ, к, п, с, а, о, у, щ,

ә) қ, к, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ.

б) г, д, ә, ж, р, л, й

14. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.

а) ө, қ, ғ, ң, ұ, і, с, ы

ә) с, т, ф, х, ц, ч, а, о.

б) б, в, г, ғ, д, ж, з.

15. Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.

а) р, л, й, у, м, н, ң.

ә) м, н, о,б, д, ж, з.

б) а, о, у, я, с, т.

16. Үш буынды сөзді көрсет

а) алма

ә) жапырақ

б) қоян

17. «Кіммен?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) Нуржанға

ә) Данилдің

б) Гүлназбен

18. «Кімдікі?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) Армандікі

ә) Сабинаға

б) Гришамен

19. Үлкенді сыйлайтын бала

а) жаман бала

ә) әдепті бала

б) әдепсіз бала

20. Бір тәулікте неше сағат бар?

а) 23

ә) 20

б) 24








2 – сынып Дұрыс жауаптар ( кілті)

1. Жіктік жалғауы бар сөзді тап

ә) ойнаймын

2. «Кімге» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) Мақсатқа

3. Оқушылар қайда отыр?

а) мектепте

4. Таңертең не істейсің?

б) бетімді, қолымды жуамын

5. Неше қолың бар?

ә) екі

6. «Кіммен?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

ә) Жұлдызбен

7. Жазда неше ай демаламыз?

б) 3 ай

8. Жазда не істейсің?

а) өзенге шомыламын

9. Қыста не жауады?

б) қар

10. Қысқы киім тап

ә) тон

11. Жіктеу есімдігін тап

ә) сен

12. «ә,ө,ү,і» қандай дыбыстар?

б) жіңішке

13. «а,о,ұ» қандай дыбыстар?

б) жуан

14. Жуан дауысты дыбысты табыңыз

а) а

15. Жіңішке дауысты дыбысты табыңыз

ә) ү

16. «ыншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді табыңыз

а) отыз

17. Реттік сан есімді тап

б) үшінші

18. «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) қызыл

19. Көптік жалғаулы сөзді тап

ә) аталар

20. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Аудар

б) Казахский язык – государственный язык.





3 – сынып Дұрыс жауаптар ( кілті)

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет.

ә) ә, ғ, қ, ң, ө, і, ұ, ү, һ.

2. Қазақ тілінде қандай дыбыстар бар?

б) дауыссыз, дауысты дыбыстар бар

3. Бір жылда неше ай бар?

а) 12

4. Бір аптада неше күн бар?

б) 7

5. Жаз айларын көрсет.

б) маусым, шілде, тамыз

6. Күз айларын көрсет.

а) қыркүйек, қазан, қараша

7. Қыс айларын көрсет.

ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан

8. Көктем айларын көрсет.

а) наурыз, сәуір, мамыр

9. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

б) 42

10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

ә) 37

11. Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?

б) 26

12. Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

ә) бәйшешек

13. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.

ә) қ, к, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ.

14. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.

б) б, в, г, ғ, д, ж, з.

15. Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.

а) р, л, й, у, м, н, ң.

16. Үш буынды сөзді көрсет

ә) жапырақ

17. «Кіммен?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

б) Гүлназбен

18. «Кімдікі?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап

а) Армандікі

19. Үлкенді сыйлайтын бала

ә) әдепті бала

20. Бір тәулікте неше сағат бар?

б) 24


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Қазақ тілі» 2- сынып Б.У.Салыхова, А.Ж.Хахимова.

«Алматыкітап» баспасы - 2013 ж.

  1. «Қазақ тілі 3- сынып Б.У.Салыхова, А.Ж.Хахимова.

«Алматыкітап» баспасы - 2014 ж.

  1. «Қазақ тілі» 3- сынып Т.Н.Ермекова, А.А.Сатбекова.

«Алматыкітап» баспасы - 2010 ж.

  1. «Қазақ тілі» 4- сынып А.Кайырбекова.

«Атамұра» баспасы - 2004 ж.

  1. Журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 3/2003 Алматы.

  2. Журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 5/2013 Алматы.





























Мазмұны

  1. Рецензия

  2. Түсінік хат

  3. Тест тапсырмаларын құрастырудағы негізгі талаптар

  4. Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған тест тапсырмалары

  5. 2 сынып Дұрыс жауаптар ( кілті)

  6. Қазақ тілінен 3 сыныпқа арналған тест тапсырмалары

  7. 3 сынып Дұрыс жауаптар ( кілті)

  8. Пайдаланылған әдебиеттер