Күтілетін нәтиже | Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру. Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер. |
Мағынаны тану
| — Суретте не көріп тұрмыз? — Ит, инелік, шие. — Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады? — И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз. И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Ойын "Кім зейінді?" Тәрбиеші өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталған соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады. Ұшып кетті инелік, Бізден қорқып именіп, Тікұшаққа ұқсайтын, Инелікке тимелік, Мен көп оқып үйренем, Білім сырын игерем. Бейне құдық қазғандай Болса да білім инемен. — Инелік, именіп, тимелік, игерем, именем. Тәрбиеші "И" дыбысы мен "й" дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді. Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату. И-не, и-не-лік, ти-ме-лік, и-тел-гі. [pic]
И дыбысын ауада жазу. И әрпін баспа түрін жазамыз. Үлгі бойынша и дыбысының кіші ж/е бас әрпін бастырып жазамыз.
[pic] Буынға бөлінбейтін "и" дыбысы бар сөздер: Ит, кит. Сөйлем құрату. Тақырыбы "Шие". Мысалы: Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті. |