«Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Есимсейтова Рамила Казтаевна

үшінші (базалық) деңгейдегі сертификатталған бірінші санаттағы бастауыш сынып мұғалімі

«№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы


Сыныптан тыс жұмыс 
Жұмыстың тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны. 
Жұмыстың мақсаты: 
1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау; 
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге 
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру; 
3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу; 
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер. 
Ойыншылар: 3 «А» сынып оқушылары 
1. Данияр
2. Ерболат
3. Ерасыл
4. Айша
5. Исламбек
6. Атабек
7. Нұрлан 
8. Мамыржан
9. Нағашыбай
10. Айтжан
Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс» 
ІІ кезең «Кім жылдам?» 
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» 
«Қорытындылау» 
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 3«А» сыныбында өткізгелі отырған «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! 
Көңілді тапқыштар мен білгіштер, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім біледі? Көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады. 
Білімімен сайысады ойыншылар, 
Алға озар ең мықтысы осы жолы 
Көпшілік өнерлерін қызықтайық, 
Сұрайық шығуларын жұрт алдына! 

Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар! 
1. Ойыншымыз Данияр. 
-Данияр өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің? 
- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім. 
- Өте жақсы! 
2. Ойыншымыз Ерболат. 
- Ерболат есейгенде кім боласың? 
- Дәрігер. 
- Дәрігер болудан қорықпайсың ба? 
- Жоқ.Мен укол салуды жақсы көремін. 
- Керемет! 
3. Ойыншымыз Ерасыл. 
- Ерасыл, көңіл-күйің қалай? 
- Менің көңіл-күйім өте жақсы. 
- Тамаша! 
4. Ойыншымыз Айша . 
- Айдана бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың? 
- Мен бос уақытымда ән салып, би билегенді ұнатамын! 
- Керемет! 
- Ойыншымыз Исламбек. 
- Ойынға қатысуға дайынсың ба? 
- Ия, дайынмын! 
- Өте жақсы! 
5. Ойыншымыз Атабек. 
- Атабек бүгінгі көңіл-күйің қалай? 
- Көңіл-күйім өте жақсы! 
- Тамаша! 
6. Ойыншымыз Нұрлан. 
- Нұрлан өскенде әскери қызметкер болатындығыңды айтқан едің. 
- Неге? 
- Мен елімнің, жерімнің тыныштығын қорғағым келеді. 
- Міне, нағыз батыр! 
7. Ойыншымыз Мамыржан. 
- Мамыржан ,есейгенде кім боласың? 
- Менің келешектегі арманым мұғалім болу.Өйткені мұғалім болу -ұлы іс. Мұғалім- мектептің жүрегі. 
- Жарайсың Мамыржан! 
8. Ойыншымыз Нағашыбай. 
- Нағашыбай, біздің ойынымызға қош келдің! 
- Бос уақытыңда немен айналысасың? 
- Мен бос уақытымда гимнастикамен айналысамын 
- Жарайсың , Нағашыбай! 
9. Соңғы ойыншымыз Айтжан. 
- Айтжан ,бүгінгі ойынымызға қош келдің! 
- Рахмет! 
- Өте жақсы екен балалар. 
- Олай болса өздерің қандай дайындықпен келдіңдер? 

Оқушылар хормен: 
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде 
Достық сөзі әрқашан жанымызда 
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз 
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге 

Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар 
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар 
Біреуінің күмбірлеген күйі бар 
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар. 
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп 
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп 
Дайынбысың жарысуға достарым 
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп, 
біз ойынымызды бастаймыз. 
Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар. 
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін: 
Ойынға барлығы 10 ойыншы қатысады. 
Ойын ережесі: 
Ойын 3 кезеңнен тұрады. 
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер. 
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі. 
Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 20 сұрақ қойылады. 
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. 
Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! 
Біз ойынымызды бастаймыз. 

І кезең 
«Тестпен жұмыс» 

Ойын барысы: І кезеңде 10 ойыншыға экран арқылы 20 сұрақ қойылады.Әрбір сұрақтың 3 жауабы бар.Әр ойыншы дұрыс жауап нұсқасын көрсету керек . ЕҢ көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 
1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “ Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ” ненің мекені? ( Тышқанның) 
2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99) 
3. Қалың киімді ұнатады, 
шешіндірсең жылатады. (пияз) 
4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт) 
5. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут) 
6 . «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім 
айтқан? ( Төле би) 
7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын) 
8. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем) 
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар) 
10. «Маң-маң басқан, маң басқан, 
Шудаларын шаң басқан» не? (түйе) 
11. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді) 
12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. 
(Байлық пен ақыл) 
13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек) 
14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ) 
15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (аю) 
16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан) 
17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай) 
18. Ең үлкен бір таңбалы санды . (9) 
19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе) 
20. Күні бойы тынбайды, 
Дәмді тағам жинайды.(ара) 

Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз! 


ІІ кезең 
«Кім жылдам?» 
Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі. 
1. « Ана тілі» 
2. « Қазақ тілі» 
3. «Математика» 
4. « Дүниетану» 
5. «Кім тапқыр?» 
6. «Мақал сөздің – мәйегі» 

Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек. 
Бұл кезеңде да ұпайды көп жинаған 3 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 

Ана тілі 
1.“Алтын ұяң-Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөзді кім 
айтқан? (Қазыбек би) 
2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?(Қиял-ғажайып) 
3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б.Момышұлы) 
4. “Еті-тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім”-деп, қай түлікті айтамыз? 
(түйе) 
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? 
(аңыз) 
6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (түйе) 
7. “Мүйізі айдай иілген 
Мұрнын көкке шүйірген” не? (сиыр) 
8. Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы.Алтынсарин) 
9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы) 
10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай) 
11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі, 
Қорқақ .... (мың рет өледі) 
12. Әліппенің атасы кім?(А.Байтұрсынов) 

Қазақ тілі 
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42) 
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3) 
3. Ұйқасын тап. 
Сатып алдық кеше, 
Шай ішетін ... (кесе) 
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?) 
5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес) 
6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3) 
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір) 

8. Өзім сөзден тұрамын, 
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем) 
9. Отырды, жазды, ойнады, күлді- деген сөздер заттың несін білдіреді? (заттың қимылын) 
10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем) 
11.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз?
(жұрнақ) 
12. «Уақыт»-сөзінде у қандай дыбыс? (дауыссыз) 

Математика 

1. Математикада неше амал бар? (4) 
2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы) 
3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек) 
4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық) 
5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8) 
6. Қосындының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, 
қосындының мәні) 
7. 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі тең) 
8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5) 
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 
10. Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле) 
11.Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы.(сызғыш) 
12. 1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл) 

Дүниетану 
1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр) 
2. Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ) 
3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл) 
4. Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) 
5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай 
атаймыз? (жабайы аңдар) 
6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? 
(көкжиек) 
7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ) 
8.Үрленген шардың ішінде не болады? (ауа) 
9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (қосмекенді) 
10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. ( топырақ) 
11. Бу қайдан пайда болады?(судан) 
12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? ( 2жылдық) 

Кім тапқыр? 

1. Тұла бойы – ине, 
тұмсығында – түйме. (кірпі) 
2. Ақ көрпесін тұйықтап, 
қыстай жатыр ұйықтап. (қар) 
3. Өртесең де күймес, 
теңізге батуды білмес. (мұз) 
4. Тілдерімен жүреді, 
Уақытты біледі. (сағат) 
5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз) 
6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт) 
7. Сыртта қапырық болып тұр, 
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш) 
8. Құйттай ғана бойы бар, 
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші) 
9. Күндіз тіпті ұшпайды, 
Түнде тышқан аулайды, 
Көзі шамға ұқсайды. (укі) 
10. Жарқ етсе сабау қамшы, 
Нөсерлетіп жауар тамшы.(найзағай) 
11.Тал басында түндіксіз отау. (ұя) 
12. Тарбаң, тарбаң тарбиған, 
Түрі жаман барбиған.(бақа) 


Мақал – сөз атасы. 
Осы сөздерге байланысты мақал-мәтел айт. 
1. Отан 7. Денсаулық 
2. Туған жер 8. Нан 
3. Батыр 9. Әке, ана 
4. Еңбек 10. Әдеп 
5. Білім 11. Дос 
6. Өнер 12. Тіл 


Финал 
ІІІ кезең 
«Тапқыр болсаң тауып көр» 

Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап, 20 секунд ішінде өз сұрақтарының орналасу тәртібін есте сақтап қалуы қажет. 
Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Егер ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе- онда 2 ұпай алады, егер жалпы сұрақтарды ашса- онда 1 ұпай алады. 

Қызыл түс сұрақтары: 
2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің? 
5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? 
8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? 
12. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, 
ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? 
16. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір. 
21. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? 

Көк түс сұрақтары: 
1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен таныстық? 
6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс. 
11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? 
15. Есеп-жұмбақ 
Айдын көлге екі аққу 
Ұшып келіп қонысты. 
Үш қаз және бір үйрек 
Жүзіп жүрген жолықты. 
Қарсы алуға оларды 
Төрт балапан шығысты. 
Жауабын тез айта салшы, 
Барлық құс нешеу болысты? 
20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш. 
24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? 

Сары түс сұрақтары: 
4. Бұл қай бидің суреті және оның қандай шешендік сөзін білесің? 
9. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс. 
10. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге? 

14. Жұмбақ-есеп. 
Шегірткелер он жеті 
Бірлесіп хорға ән салған, 
Жетеуі оның кенеттен 
Айырылады дауыстан. 
Екеуі қайта қосылды 
Бірлесіп ән салуға. 
Есептеңдер енді тез 
Естиміз неше дауысты? 
17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: 
Қол ұшын берді 
19. Серік Сапиев қай спорттың шебері? 

Жалпы сұрақтар: 

3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың атын мініп кеткен кім? 
7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері. 
13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше алтын медаль 
алды? 
18. Тарансаң да, 
Қарансаң да, 
Алдына оның келесің, 
Өзіңді өзің көресің. 
22. Кемпірқосақта неше түс бар? 
23. Ақ күрішті аймақты ата. 


Қорытынды: 

Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. 
Марапаттау.