Киелі сан Біздің мемлекет
Жаңғақ жейді
Уақыт құралы
Ас дәмін не келтіреді?
Біз нешінші сынып оқимыз?
Ең нашар баға
- Сонымен қандай тақырып екен?(Етістік)
V. Жаңа сабақ: 1. Демонстрация әдісі.
а) Музыка әуенімен екі оқушы би билейді.
ә) Бір оқушы балаларға сергіту сәтін жасатады.
- Инабат пен Жалын не істеді?(би биледі)
- Әли не істеді? (жаттығу жасады)
- Оқушылар қозғалды ма? Қимыл жасады ма? Іс-әрекеттер жасады ма?
- Олар жасаған қозғалысқа, қимылдарға, іс-әрекеттерге қандай сұрақтар қоясың ? Өздері ереже шығады.
2.Жаттығулармен жұмыс жасау
1. Дәптермен жұмыс
2. Күн ретін жазу
3. Көркем жазу. О одыбысы. Қандай дыбыс? Отан туралы мақал -мәтел айту
4. Топқа бөлу
1-жаттығу
І – топ «Зергер»
Жұмбақ шешейік
Үй ішінде бөлме
Бөлме іші көлде
Жүзді сайран салып
Бұл не?(аквариум)
-Жаттығуға қарайықшы, аквариум бар ма?
-Оның жанында бала не істеп тұр?
Суреттің жоғарғы жағында не тұр?
Бұл суреттегі құстар мен балықтар үй жағдайында да өмір сүре ме екен?
Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз
ІІ – топ «Білімпаз»
Жұмбақ шешейік
Үстіне киген –
Сарғыш тон инелі(Кірпі)
2-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Шешуі: Аққу. Аққу туралы не білеміз?
Аққу – бұл қардан аппақ құс. Көрсең көз тоймайтын сұлулық рәмізі. Салмағы 7-10, кейде 13кг, қанатының құлашы 1,5м. Аққу 30-40жыл өмір сүреді. Халық аңызына сенсек, жылан аққу жұмыртқасына тимейді екен. 3-4жұмыртқа басады, 38-40 күнде өргізеді.
Етістіктерді теріп жазып, оларға сұрақ қой.
Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек екен?
3-жаттығу
Сөздерді оқы.
«Үн қатпа» ойыны (2топқа)
Шарты: Оқушылар үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді. Бір оқушы тақтаға шығып, әр қимылды сөзбен жазып шығады.
(Биледі, жүгірді, отырды, секірді, жазды, оқыды,тұрды)
VІ. Сергіту сәті: бейнебаянмен сергіту сәтін орындау
4-жаттығу
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Қонды, ұшты,секірді, тасыды.
5-жаттығу
Мына төлдердің қайсысы қалай төлдейді?
Бие құлындайды
Сиыр бұзаулайды
Түйе боталайды
Қой қоздайды
Ешкі лақтайды.
VІІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
6-жаттығу
Дұрысын табу.(Бас бармақ әдісін пайдалану)
Етістіктерге сұрақ қой.
Бие кісінейді
Түйе боздайды
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Ешкі бақырады
Ит үреді
Тауық қыт-қыттайды
Мысық мияулайды.
Шошқа қорсылдайды
Есек ақырады.
VІІІ.Қорытындылау:
-Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
І – топқа: Семантикалық картамен жұмыс
Жинады
ІІ-топқа: Постермен жұмыс
ІХ. Үйге тапсырма: « Қояндарға көмек» Ішінде етістігі бар сөйлемдер жазамыз.
Бағалау