Түсінік хат
Тіл дамыту деп-балалардың сөздік қорларын байытуға, олардың мағыналарын түсініп,сол сөздерді дәл қолдана білуге,өз ойларын,пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдерден логикалық,композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша,жазбаша дұрыс білдіруге яғни «нәрсенің жайын-күйін,түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге»үйрету жұмыстарын айтамыз.
Тіл дамыту курсы бірінші сынып оқушыларына арналған. Мұнда мынандай негізгі мәселелерді үйрету көзделеді;белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамтыу, сөздерді үйрете отырып,жаңа сөздер жасау және олармен таныстыру. Формаларды меңгерту барсыныда оларды байланыстырып,сөйлем құрауға,сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты,жүйелі,дұрыс жеткізуге,сөйлей білуге үйретіледі. Әңгіме,диалог,ойын барысында оқушылар мектеп, отбасы,қоршаған ортамен араласуды үйренеді. Тіл дамыту арқылы оқушының өмірге деген қызығушылығы артады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: оқушыларға мәтін мен өлеңдерді мәнерлеп,түсініп оқуға,сауатты жазуға үйрету,өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Тіл дамыту бағдарламасы мынау бағыттарды қамтуы қажет:
Жаңа сөздер үйрету;
Көркем шығарманы түсіну;
Мақал-мәтел,жаңылтпаштарды үйрету;
Мазмұнды суреттер бойынша әңгімелер құру;
Ребустар,сөзжұмбақтар шешу.
Бағдарламаның әдіс-тәсілдері:
Жеке,топпен жұмыс;
Тест жұмыстары;
Викториналық сұрақтар;
Кубизм әдісі;
Әңгіме-диалог құрастыру;
Лекция.
Тіл дамыту курсы бойынша оқушылардың білулері тиіс:
Мәтін немесе өлеңді мәнерлеп оқи алуы;
Әңгіме,диалог құрастыра алуы;
Өз ойын еркін жеткізе алуы;
Байланыстырып сөйлей алуы.
Тіл дамыту курсының міндеттері:
Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру;
Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
Көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөздерімен және әдеби тілде айта білу;
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу;
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
Суреттер бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыр;.
Заттардың аттарын қасиеттеріне қарап ажырату;
Сөйлеудің монологты, диалогты түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;
Оқылған шығарманың басты кейіпкерін ажыратып, олар туралы қорытынды жасау;
Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу.
Жомарт,әділ Суреттер
34
Жаз қызықтары
Көл жағасы, құм,күннің көзі
«Жаз, Өзен жағасында,Балыққа барғанда» сюжетті суреттер
Әдебиеттер тізімі
«Мөлдір бұлақ», «Балдырған» журналдары 1996ж.
Бастауыш мектеп журналдары
Ертегілер жинағы.
Қазақстан мұғалімі, 2004ж.
Ә.С.Әмірова, К.А.Анартаева. «Тіл дамыту» әдістемелік құрал. Алматы: Аламтыкітап, 2006ж.