Сендер ауа туралы не білетіндерінді бүгін тексеріп көреміз. Ол үшін сендер көз алдарына мына суретті елестетіп көріндерші: Шілде айының ең бір ыстық күні. Асан көк орай жасыл шөптің үстінде жатыр. Оның айналасында әдемі көбелектер, инеліктер , аспанда қалықтап ұшып жүрген құстарды көруге болады. Ол өз – өзіне бірнеше сан сұрақтар қоюда.Аспан дегеніміз не? Құстар қалай ұшады? Ұшақтар ше?Аспан денелері неден тұрады? Осы сұрақтарды ойлап жатып терең ұйқыға кетті. Ұйықтап жатып тәтті түстер көрді. Түсінде Асан аспанға көтеріліп құстармен бірге қалықтап ұшып жүр екен.Міне, Асан ең үлкен бұлтқа қонған кезде ол үлкен жазумен жазылған сөздерді оқыды. «Қош келдің Асан. Сен әр түрлі тәжірибе жасау әлеміндесін» Біз Асанмен бірге қайда тап болдық? Тәжірибе жасау лабороториясында кімдер жұмыс істейді? (зерттеушілер, ғалымдар)
Ендеше біз сендермен кішкентай зерттеуші ғалымдар боламыз. Әр топ тәжірибе жасайды. 1 топ: Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес. Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің. Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір 2 топ: Алдыңа ақ парақ қағазды жай. Оның түсі қандай?Параққа түрлі – түсті әйнек арқылы қара не байқадың? Егер түсті әйнекті алып тастасан , сен қайтадан ақ қағазды көресің. Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – түссіз. 3 топ: Әуелі бөлменің ауасын тазартып ал. Ауаны иіске. Не сездің? Сонынан кейін иісссуды себеміз. Не сездің? Неге ауаның иісі өзгерді? Қорытынды жаса. Ауа қандай? Ауа иіссіз. Сергіту сәті «Көңілді күн» Әр топтың алдында мынадай -сөздер жатыр: Ауа судан жеңіл Ауа сығылады және серпімді Ауа оттын жануына көмектеседі.
1 топ: Тәжірибе жасау Сендердің алдарында стаканға құйылған су және түтікше бар. Енді біреулерін түтікшені алып судың ішінде үрлендер. Судың бетінде кішкентай көпіршіктер пайда болды. Тұжырым жасандар [pic]
2 топ: Екі балауызшамды жақ. Біреуін үстел үстіне қой. Екіншісінің үстіне шыны стақанды төңкер.Енді қайсысы ұзақ жанғаның байқа.Олардың жану ұзақтығының әртүрлі болғаны неліктен деп ойлайсың? [pic]
3 топ: Қолымызға шарды алып үрлеп жіппен байлаймыз. Шардың ішіне не толтырдық? Шарды алып сәл қысып көріндер.Не байқадыңдар? [pic]
Сонымен сабақты қорытындылау үшін топтастыру әдісін пайдалану Әр топ басшылары пағалау парақтары бойынша топтағы оқушыларды бағалайды
Сабақты қорытындылау үшін алдарында себеттің суреттері тұр 1.жасыл 2.сары 3.қызыл Смайликтер салу
22 – 25 беттегі Ауа. Ауаның қасиеті . Оқып әңгімелеу. [pic]
[pic]
|