Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан кесе жасау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән : Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан кесе жасау.

Сабақтың мақсаты: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;ұлттық бұйымдармен таныстыруды жалғастыру;қолөнер шеберлерініңеңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ жабдықтары:ермексаз,қалақша,су құятын ыдыс, шүберек,тақтайша, жіп,үлгілер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Жұмыс орнын дайындау. Гигиеналық-тазалық ережелерін еске түсіру (балалар киімдерін, үстелді былғамай,ұқыпты жұмыс істеулері керек).

Кіріспе бөлімде мүсіндеу тәсілдерін оқушылардың естеріне түсіру. Суреттер көмегімен ыдыстардың түрлері талданады (мүмкіндік болса , ыдыстардың өздерін көрсеткен дұрыс).

Халықтық кәсіп жөнінде мұғалімнің қысқаша әңгімесі.

Жаңа сабақ.

Жұмыс тәсілдерін жоспарлау және көрсету.

-сазбалшықтың (ермексаздың) негізгі кесегінен керекті бөлігін үзіп алу;

-иілгіштігін жақсарту үшін сазбалшықты (ермексазды)илеу;

-ширатылған кесінділер есу;

Кесінділерден ыдысты мүсіндеу ретін анықтау :

1. Ермексаздың бір кесегін илеп аламыз. Дайындалған кесекті бірнеше бөліктерге бөлеміз. Ол бөліктерден ширатылған кесінділер дайындаймыз. Алғашқы кесіндіміз 10-12 см, келесісі 12-14 см, яғни алдыңғысына қарағанда 1,5-2 см артық кесінділер дайындаймыз.

2. Енді осы ширатылған кесінділердің ең қысқасынан бастап ұзынына қарай дөңгелектеп біріктіреміз.Іші қуыс кесенің нобайы пайда болды. Кесенің іші – сыртын арнайы қырғыштың көмегімен тегістейміз.

3. Кесенің түбін жасаймыз. Оны дайындаған кесеге жабыстырамыз.

4. Кесе әдемі болу үшін кесеге өрнек салуға болады. Ол үшін ермек саздын баска бір түсін алып, оны илеп дайындаймыз. Оюды кесенің көлеміне лайықты, ширатылған кесіндіден жасаймыз.Алынған өрнекті кесенің сыртына ұқыптап жапсырамыз.

Сабақты қорыту барысында оқушылар нені біліп, нені үйренгені, кеселердің пішініне қарай қандай түрлері болатындығы жайлы сурақтарға жауаптар алынады.