Қазақ тілі 4- сынып
Сабақтың тақырыбы: Табыс септігі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік:Табыс септігінің өзіндік белгілері және анықтамасымен таныстыру.Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс септіктеріндегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
ә) дамытушылық: сабақ барысында түрлі тапсырмаларды орындату арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік :сабақ барысында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, отансүйгіштік сияқты қасиеттерін тәрбиелеп, жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты қорыту.
(Септік жалғаулары, зат есімнің септелуі, ілік септігі, барыс септігі туралы сұралады.)
Жаңа сабақ
Математикалық жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырбын ашу.
2 х2 = 4 (төрт) Т
30 x 2 ═ 60 (алпыс) А
5 x 1═ 5 (бес) Б
2 x 3═ 6 (алты) Ы
8 x 10═ 80 (сексен) С
Шығармашылық тапсырма арқылы ережені шығару. Ережені талдау.
…….. тұрар адам қып,
Ақ жүрек ,кең адалдық.
Жас ............. жұлма,
Жас ............ ұрма.
......... қамыс өлтіреді,
......... намыс өлтіреді.
( Адамды, жемісті, баланы, ерді, қоянды.)
Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу
Жұмбақты көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Кімде – кім бұраса құлақты,
Ағызыды құбырдан бұлақты. (Су краны).
Аяғы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып
Тұмсығы біздей. (Тырна).
2 – жаттығу
Сурет бойынша мәтін құрастыр. Құрастырған сөйлемдеріңдегі табыс септіктегі сөздерді тап.
[pic] [pic]
4 – жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Табыс септіктегі сөздерді теріп жаз. Түбірі мен жалғауын тап.
Баланы, ананы, даланы, қаланы, орманды, тоғайды.
Сергіту сәті
«Септігіңді тап» ойыны
Өткен тақырыптарға байланысты қимақағаздар тарату арқылы ойын жүргізу
5 – жаттығу
Мақалды жатқа жаз. Табыс септіктегі сөздерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет,сұрақ қой.
Ұрыс ырысты кетірер,
Ынтымақ халықты асырар.
Мақалдың мағынасын түсіндір.
6 – жаттығу
Сурет орнына сөздерді қойып, табыс септік жалғауын жалғасаң, мақалды толық оқисың.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Көрмес түйені де көрмес.
Сабақты қорыту
Шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнындағы сөзді тап. (кітапты, арқарды, ағашты, Ескенді, шелекті, баланы, кесені ,балаларды.) оқушылар орындау барысында бұл сөздер өзгеуі де мүмкін.
1 – топ
Аңшы дүрбісімен орман шетінен ...... көрді. Әйкен аялдамадан ......... көрді. Айша, ............. сындыруға болмайды.
2 – топ
Анасы сүт толы .............. жерге қойды. Айжан бесіктегі ............ қолына алды. Айғаным он шақты ............. жуды.
3 - топ
Ол алыстан доп ойнап жүрген .......... көрді. Кітапханашы бірнеше .......... түптеуге берді. Денсаулық үшін ..... маңызы зор.
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
№ 167 жалпы білім беретін мектеп
Табыс септік
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 Б
Сынып жетекшісі: Абжадилова Г.А
Алматы – 2016ж.
№ 167 жалпы білім беретін мектеп
Кабинетті тиімді тәсілмен жүйелеу жолдары
Арысланова А.С.
Абжадилова Г.А
Алматы – 2016ж.