Тақырыбы: Ел қорғауға әзірміз.
Мақсаты:
Балалардың санасында «Азамат», Қазақстандық деген түсініктерді қалыптастыру,баланың жақсы адам болуға деген ынта-ықыласын дамыту. Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, Республикамыздың өткен қазіргі болашақ өміріне қызығушылығын қалыптастыру, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: «Азамат боп мен ертең,
Отанға қызмет етемін» ,суреттер.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Барысы:
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!
[pic]
Сөз мектеп директоры Ж.Омароваға беріледі.
Ән: «Әке». Ғалымжанқызы Шаттық.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Ер балалардың тақпақтарына берейік:
Марғұлан: Балғын бөбек балалар
Болсыншы деп көңілді
Ер жауынгер ағалар
Күзетеді өмірді.
Артур: Бәрі де, Отан,сен үшін!
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп жатқан жеңісім –
Бәрі де, Отан,сен үшін!
Еркебұлан: Отанның ойы тауында,
Аязда,нөсер жауында.
Мүлгімей ағай тік тұрар.
Тыныштық сыйлап ауылға.
Бірге өскен біздей бауырға.
Айбек: Сыйлай жүріп үлкенді
Үлкейеміз біз де ертең
Жақсы екен ғой үлкендік
Жас өмірді күзеткен.
Ән: «Әке»
Би: қыздар ( Шаттық,Дана,Аружан )
Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,
Билейді, ойнап күліп, ән салады.
Ән: «Достарым»
Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.
Қыздардың тақпақтары:
Дана: Сүйікті туған жер
Тыныштық тілейді
Содан да жауынгер
Тынығу білмейді.
Аружан: Өлең болған айтулы
Солдат жаны тым қызық
Көк теңіздей шалқиды
Күнде шабыт туғызып.
Данагүл: Орман, тау көгіне
Сақшылар қырағы,
Қорған боп еліне
Күзетте тұрады.
Шаттық: Отан туған үйіміз,
Отан туған жеріміз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Нұрсауле: Отанның қиыр шетінде,
Аптапта желдің өтінде
Көз ілмей ағай сақ тұрып.
Еліне қызмет етуде.
Флешмоб: (аналары)
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз – ,дей келе
Көрініс: «Әке мен бала»
Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,
Үйрететін жақсылық, адалдыққа,
Балғын жасты баулитын болашаққа,
Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа!
Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады.
Ән: «Қос бәйтерегім» Ғалымжанқызы Шаттық.
(балаларға сыйлық беру)
Құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.
Хор: «Атамекен»
Қорытынды:
Болашақта өз Отанын сүйетін, қорғайтын патриот болыңдар.Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.