Сабақтың тақырыбы:Арайлап атсын әр таңым!
Сабақтың мақсаты: Мәдениетті қарым-қатынас жасауға дағдылана отырып,математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру.Заттарды санау,бұрын,кейін,ұзын,қысқа,кең,тар,артық,кем түсініп,ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі:қағаз,түрлі-түсті қарындаштар,суреттер
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Тақырыбы: Арайлап атсын әр таңым!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң,күн
Күліп шықты күн бүгін
Әңгімелесу:Таңертең ұйқыдан тұрғанда қандай көңіл күйде боласыңдар? Ата-аналарыңмен қалай амандасасыңдар?Олар сендерге қандай жылы сөздер айтады?
«Әрбір таңғы қуаныш-өмірге шаттық сыйлайды» Халық даналығы
Ата-ананы қалай қуантуға болады?
Жақсы баға арқылы,тағы басқалар.
Ендеше,балалар сендер 2 топқа бөлініңдер,жарысамыз.Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 тапсырма:2 топқа қағаз беру.1 топ-адамның 2 жақсы істерін сурет арқылы салу керек. 2-топ –адамның 2 жаман істерін салу керек.
Ортаға шығарып сөйлету.Жақсы істер істегенде адамның көңіл-күйі қандай болды?
Жаман істер істегенде адамның көңіл-күйі қандай болды?Қай адамның ойлау қабілеті артық,қайсысынікі кем?2 топ 2еуден көрсетеді.Олар қандай?Тең.
2-тапсырма:Оқушыларды атын атап ортаға шығару .Инабат ортаға шық,Аяулым, Диас ортаға шық.
Сұрақ:Қайсысы бұрын шықты?Қайсысы кейін шықты?
Бірнеше рет қайталап ойнату.
3-тапсырма:2-топтан 1 оқушыдан шығып,1 минут себетке жапырақ жинату.
Қайсысы көп жинады.Қайсысы аз жинады?
Кімдікі артық,кімдікі кем?Нешеуі кем?Осылайша ойнату. Сабақты қорытындылау. Өздерінің көңіл күйлерінің қандай екендігін айтқызу.