Әдебиеттік оқу пәнінен Жел мен күн

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Талас ауданы Қаратау қаласы

Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі

« Бекітемін»

мектеп директоры

_________І. Нұрұлы





Сабақтың тақырыбы:

«Жел мен күн»

(Ертегі)





Сыныбы: 2

Мұғалімі: Жунсалиева Гаухар














2012 жыл



Сабақтың тақырыбы: «Жел мен күн» (ертегі)

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсініп анықтай отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасау.

Сабақтың міндеттері:

  1. Ертегінің түпкі мазмұнын түсіну.

  2. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға беру.

  3. Топпен жұмыс барысында топ мүшелерінің пікірімен санасады, бір-бірінің сөзін тыңдап, сыйлауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқып мазмұнынан «Күш білекте емес, жүректе» деген мақалдың жайдан жай айтылмағанын ұғынады. Топтық жұмыста белсенділік танытуға үйренеді.

Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау, МОТ

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, ДЖИГСО- 2, топтастыру

Құралдар мен көрнекіліктер:

1. құралдар: маркер, стикер, А4 формат қағаз.

2. көрнекіліктер: суреттер, стикерлер.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұраймын. Топ ережесін еске түсіреміз.

Қанша жыл мезілі бар?(атап айтқызу)

-Қазір қай мезгіл?

-Қандай ай?

-Күз мезгілі екенін қайдан байқадыңдар?

Әртүрлі жапырақтардың түрлері пішіндерін таратып оқушыларды 4 топқа бөлу.

Топ оқушыларына стикерлер таратылып сабақ соңында толтырылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге «Қайсар құмырсқа» мәтінін рөлге еніп мәнерлеп оқыту әр топтан кейіпкерлерді сайлап, ұнаған сәттен үзінді суреттерін салып келу.

Сұрақ-жауап әдісі:

  1. Мәтін неліктен «Қайсар құмырсқа»деп аталған?

  2. Құмырсқа асқабақ дәнін үйіне қалай жеткізді?

  3. Құмырсқаның еңбекқорлығы, табандылығы жайында тағы қандай әңгіме оқығансыңдар?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Миға шабуыл:

Балалар мынау ненің дыбысы? (Желдің дыбысын тыңдату)

Сұрақтар:

  1. Әлемге жылу мен жарық беріп тұрған не деп ойлайсыңдар?

2)- Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (Жел);

3.Аялдамада көлік күтіп тұрған адамды кім дейміз?


ДЖИГСО-2: мәтінді 4 бөлікке бөліп тарату, таратылған мәтінді жанұя тобында оқып, жұмыс тобында мәтінді талқылап, эксперт парағын толтыру.

Эксперт парағының сұрақтары:

  1. Ертегі қалай аталады?

  2. Ертегідегі кейіпкерлерді ата:

  3. Жел мен күн не деп дауласты?

  4. Жел өз ойын неліктен іске асыра алмады?

  5. Жолаушы қандай іс-әрекет жасады?

  6. Күн жолаушыға қалай көмектесті?

  7. Жолаушы күнге неге риза болды?

  8. Күн желге не деді?

  9. Күн мен Жел табиғаттың қандай түріне жатады?

  10. Желдің мінезі сияқты досың барма?

  11. «Күш білекте емес, жүректе» деген мақалды қалай түсінесің?

  12. Егер жолаушы болсаң осы жағдайда не істер едіңіз?


Бағалау.

Кері байланыс парағы.

Үйге тапсырма: «Жел мен Күн» ертегісінің мазмұнын түсініп оқып келу, осы оқиғадағы ұнаған сәт әсерін салып келу.