Өзін-өзі тану Өзін – өзі тану белестері 3сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп: Нұржау жалпы орта Мерзiм: 2.09.2015ж № 1 сабақ

Тақырып: Өзін – өзі тану белестері

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Жумагалиева Арайлым Алтаевна Сынып 3 «а, ә» Оқушылар саны _____


Сабақ мақсаты:

Балалардың «өзін – өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • 3 – сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру.;

  • Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа, оқулық, дәптер, қағаздан жасалған қармақ, алтын балықтар.

Сабақтың барысы:

[pic] Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

1. Тәртіп 
2. Талап
 
3. Тыныштық
 
4. Тазалық
 
5. Татулық
 

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау





[pic] ІІ. Дәйек сөз.

Өзін – өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі.

Сара Алпысқызы

-Ия, өздерің айтып отырғандай адамның бірінші байлығы – денсаулық. Денсаулық болса адам бақытты. Адам ақ көңіл, адал ниетті болса сый – құрметке бөленеді. Өйткені адамның жасаған жақсылығы, адалдығы алдынан шығады. Өмірдері бар қажеттіліктің, арман – мақсаттың орындалуына талаптану арқылы жетуге болады. Ертедегі бай сияқты адамдардың қайырымсыз қылықтары, жағымсыз ниеттері мен тілектері жақсылыққа алып келмейді, адамның бақытты болуына көмектесе алмайды

«Өзін – өзі тану» пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да Қ.Р.- ның Бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін– өзі тануды – адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, балалардың осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп, өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.


[pic] ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы. Данышпан диқан




      [pic]  Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір диқанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған: 
- Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұлаға шеккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой?- дейді. Диқан былай деп жауап береді: 
- Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді. 
Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлер де патшаның бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан: 
- Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр,- дейді. 
Бұл жауап та патшаға ұнап, тағыда «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті жібермеуге тырысып, бұл жолы: 
- Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді,- дейді. 
Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағыда «Бәрекелді!» дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады. 
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап, дереу патшаны бірсылтаулармен олжерден алып кетеді.

Оқушылар 2 – сыныпта өзін – өзі танудан үйренгендерін, жазгы демалыс кезіндегі жақсылық істеріне түсіріп айтып береді.

Ойын – жаттығу

Оқушыларға ақ парақтар таратылады, парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезінде есіне түсіргенін жазады. Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіруі мүмкіндігін жазады. Балалар жазып болған соң, жазғандарын жария етеді.

-Жарайсыңдар,балалар! Жазғы демалыста бір – біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы.

Жауаптар: Сәкеннің мені досыммен жарастырғанын есіме1 алдым; Айнұрдың мені ренжітіп, артынан кешірім сұрағанын есіме алдым; Айнұрдың мені ренжітіп, кейін кешірім сұрағанын есіме алдым.



IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесі

  • Сендер кедейдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?

  • Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлайсыңдар?

  • Адал ниет дегенді қалдай түсінесіңдер?

Қорытындылау

-Балалар, мен де сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін. Өзін – өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектеріңді бос жолдарға жазыңдар.





  1. Топпен ән айту.

Жас ұландар жыры

Сөзін жазған А.Байғожаев

Әнін жазған Ә.Молдағайынов


  1. Үй тапсырмасы.

«Өзін – өзі танудан үйренмін» тақырыбында әңгімелеу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)