Сабақ жоспары Зат есім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Зат есім

Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат,

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып ұраны:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар біз өткен сабақта сөз таптарымен танысқан болатынбыз. Сөз таптарына нелер жатады?

  • Жақсы. Ал бүгін біз сөз таптарының ең бірінші мүшесі Зат есіммен танысамыз.
    ІІІ. Жаңа сабақ. Зат есім


Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.

-Жақсы балалар, енді дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз.
318 – жаттығу.Мақалдарды көшіріп жаз

* Кім?Не? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

1.Ақыл – тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.
2. Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.





320 - жаттығу. Сөздерді оқы Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жаз (Оқушылар тақтаға шығады)
Кім? ----------- Не? ---------------
сатушы ----------- кітап ----------
дәрігер ------------- ағаш -------------
-Ал енді балалар карточкамен жұмыс жасаймыз. Берілген мәтіндерді көшіріп, ішінен зат есімдерді тауып, астын сызамыз.

Карточкамен жұмыс . Мәтінді көшіріп жаз.

Қыс
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

Құндыз

Құндыз – ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

Абай

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім,өнер ұйренуге шақырды. Ақын өтірікші, жалқау, мақтаншақтарды жек көрді. Жастардың білімді болуын аңсады.
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

Көктем

Көктем келді. Күн жылынды. Жылғалардан су ақты. Құстар жылы жақтан ұшып келді. Аңдар ұйқыларынан оянды.

* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.


Карточкамен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік:...,...
Аңдар:...,...
Құстар:...,...
Отбасы мүшелері:...,...

Ойын «Кім зерек?»
Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.


Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...(төрт түлік)
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...(ыдыс аяқ)
Алма,алмұрт,шие,лимон,апельсин,банан, -..(жеміс - жидектер).

-Балалар енді назарымызды тақтаға аударайық. Тақтада Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер бар.Бірақ олар орнымен ауысып қалыпты,біз оларды өз орындарына дұрыс қоюымыз қажет.


Кім? Не?

Оқушы Кітап

Суретші Қалам

Сатушы Бүркіт

Қой Ата

Ана Доп

Дәрігер Аспазшы

Алма Қайық
Ү. Сабақты бекіту.

-Балалар бүгінгі сабақта біз қандай Сөз табымен таныстық? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
ҮІ. Үйге тапсырма: 322 - жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ. Бағалау.