Математикадан Көлем. Сыйымдылық бірлігі ( 3- сынып) тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Математика

Мұғалім: Муртазина А.Т.

Сынып: 3 Б

Сабақтың барысы: 

Оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру;

көлем туралы ұғымын кеңейту;

  • әртүрлі өлшемдер арқылы көлемді өлшеу дағдыларын жаттықтыру;

  • көлемнің өлшем бірліктерімен таныстыру;

  • заңдылықтарды табуды, қорытынды жасауды, дәледеуді, логикалық тұрғыдан бірізді талдауды қалыптастыру;

  • өзара көмекке келуге тәрбиелеу, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.


Міндеттер:

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық сәт:  1 СЛАЙД

Әрбір адам: Туысың, досың, жұрағат,

Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің: тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің: шындық, бірлік, адалдық


Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

( балалар хормен айтады)

Бүгінгі күннің атын жазу, көркем жазуды орындау

СЛАЙД 2-4

Білімді тиянақтау

Ауызша жұмыс (топтық бағалау)

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Топтарға тапсырма: слайд 10 А4 форматта орындайды.

«Білгірлер» -Тік төрбұрыштың ауданын табу формуласын жаз

«Тапқырлар»- шаршының ауданын табу формуласы

«Ойшылдар» - тік төрбұрыштың периметрін табу формуласын жаз.

(топтық бағалау)



СЛАЙД 5-9












Қызығушылықты ояту

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

1.Мақсат қою кезеңі.  оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру.

Кіріспе сұрақтар:

  1. Біз осыған дейін қандай шамалармен таныспыз? (ұзындық бірліктері, салмақ бірліктері, уақыт бірліктері т.б.)

  2. Ұзындық өлшем бірлігімен не өлшейміз?

  3. Салмақ өлшем бірлігімен не өлшеуге болады?

  4. Аудан дегеніміз не? (жазықтықта қандай да бір орын алып жатыр)

Мағынаны тану


2.Оқулықпен жұмыс.

ЕСІҢДЕ САҚТА!

текше оның жақтары (шаршыдан тұрады)

Қабырғалары немесе қырлары 12

Төбесі -8

Тәжірибелік жұмыс № 1

1 –оқушы: Текшенің қырларының ұзындығын, енін,

биіктігін өлшейді.

2- оқушы: Текше тәрізді ыдыстың көлемін табады.

3- оқушы:. өлшеуіш ыдысқа 1 литр су құяды.

Қорытынды жасайды: V =10cм • 10 см •10 см= 1000







1 л – сыйымдылық бірлігі.

1 л = 10 см ∙ 10 см ∙ 10 см = 1000 см3

Текшенің көлемі – 1 см3

Текшенің үш өлшемі бар:

Ұзындығы – 1 см, ені – 1 см, биіктігі – 1см



Көлемі 1000 см3 (1л) судың массасы 1 килограмға  тең.









Практикалық жұмыс. № 2 есеп

Текшенің қырларының ұзындығы 3см; 4см; 5см болса, оның көлемі неге тең

болады?


Қорытынды:

Егер текше қырының ұзындығы а – ға тең болса,

онда оның көлемі а3 – қа тең болады.

 (топтық бағалау)



11-14 СЛАЙДТАР









15-24 СЛАЙДТАР





25-27 СЛАЙДТАР



















28 -СЛАЙД

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан көзге арналған жаттығудыжасау

Оқушылар сергіп алады 29-30 СЛАЙД

Ой толғаныс

ҮI. Өткен материалды бекіту: 31 СЛАЙД

Топтарға тапсырма:

«Білгірлер» -№6, 9,10 есептер бірінші бағаны

«Тапқырлар-№6, 9,10 есептер екінші бағаны

«Ойшылдар»-№6, 9,10 есептер үшінші бағаны

9 . Топтық жұмыс. Теңдеуді шеш.(үш топтан  3оқушы)

Х ∙ 7 = 36 + 13                       34 + х = 8 ∙ 6                        х : 6 = 42

Х ∙ 7 =  49                              34 + х = 48                          х = 42 ∙ 6

Х = 49 : 7                               х = 48 – 34                          х = 252

Х = 7                                     х = 14                                  252 : 6 = 42

7 ∙  7 = 49                            34 + 14 = 48                        

6. Әр топтан 1 оқушы шығып, амалдарды орындайды.

10

Бөлінгішті тап және оны санның кубы түрінде жаз.

8. «Ұшқыр тарелка» топ ішінде есепті шығарып, өзге топтарға тексерту Түсініп шығару(іздену)

Жүзім 8кг-нан – 12 жәшік        

Сатылды – 32 кг                  

Неше – ? қалды ? есе >

Шешуі:   1) 8 ∙ 12 – 32= 96 – 32 =64

2) 64:32=2

Жауабы: 2 есе артық

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады 32 -СЛАЙД

 Бағалау


Рефлексия

 ТОПТАРДЫ БАҒАЛАУ

Білім ағашы

1.Бәрін білгім келеді.

2. Білемін, бірақ одан да жақсы жетістіктерге жетемін.

3.Әзірше қиындық сезінемін.