Саптан шығу, бастыққа бару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Саптан шығу, бастыққа бару, қайта сапқа тұру.



Сабақтың мақсаты: : 1.Саптық жүріс және бастыққа келу,қайту қозғалыстарды үйрету.

2. Білімін артыру,дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілікке , патриотизмге тәрбиелеу


Сабақтың әдісі: аралас

Сабақтың орны: сатық алаң

Көрнекілігі: АӘД плакаттар, АӘД оқулығы, метод журнал.

Уақыты:45 мин


Сабақтың барысы


Кіріспе бөлімі


І. Ұйымдастыру.


Взвод комендирі сапқа тұрғызады , әскери оқытушыға баяндайды . Сәлемдесу. Әскери формасына , сырт пішіндеріне назар аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыпты және оның мақсаттарын қайталау хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

"Аяққа" күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде алдын ала берілетін: "Адым — бас!" пәрмені бойынша қару көтеріледі, ал: "Жүгір!" пәрмені бойынша сол қол шынтағы жартылай бүгіледі.

Жүгіру қозғалыс кезінде қаруды ауыз жағын алға берілетіндей етіп біршама бүгілген оң қолда ұстау керек. Жиналған сапта жүгіру үшін сүңгіні өзіңе қаратып алу керек.

Саптан шығу және оған қайтып келу. Бастыққа келу және одан кету

Әскери қызметші саптан шығу үшін мынадай пәрмен беріледі.

Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. Саптан осыншама адым алға шық!" немесе "Қатардағы жауынгер Әлімов, бері кел (жүгіріп бері кел)!"

Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, "Мен!"—деп, саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша: "Құп болады!" — деп жауал береді. Әскери қызметші бірішпі пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады. Екінші пәрмен бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөнінде баяндайды. Мысалы:"Лейтенант мырза! Қатардағы жауынгер Әлімов Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр" немесе "Полковник мырза! Капитан Маратов, Албаев сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр'.

Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.

Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.

Екіден, үштен, (төрттен) тұратын лектен әскери кызметші шыққан кезде ол саптан саптың жақын шетінен, алдын ала оңға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні откізіп жіберіп, езінің орнына тұрады.

Саптан әскери қызметші қарумен шыққан кезде, қозғалыстың басталуы кезінде "аяққа" күйіне алынатын "иыққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді.

Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі: Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов, сапқа тұр!" немесе тек: "Сапқа тұр!"

Сапка бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші: "Қатардағы жауынгер Әлімов!" деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және "Мен!" — деп жауап береді, ал: "Сапқа тұр!" пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе "арқаға" күйінде қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп: "Құп болады!" — деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өзінің орнына тұрады.

Егер тек қана: "Сапқа тұр!" пәрмені берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады. Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін, қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталынған күймен алынады.



ІY. Қортынды бөлім . Оқушылардан сұраққа жауап алу .

Y. Сабаққа талдау жасау және оқушылардың білімдерін бағалау.

YІ. Үйге тапсырма.