ЖАЙ ЖӘНЕ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

«Берел орта мектебі»КММ

























Китапбаева Асель Малькешовна

Бастауыш сынып мұғалімі

















Жай және құрамалас сөйлем туралы түсінік беру, екеуін салыстыра отырып, өзіндік ерекшеліктерін таныту. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, тиянақты ойлау, сауатты жазу дағдыларын дамыту.

Оқыту әдісі

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Күтілетін нәтижелер

Жай және құрмалас сөйлем түрлерін меңгереді. Оларды салыстыра отырып, ажырата алады. Тиянақты ойлайды. Шығармашылықпен жұмыс істей алады.

Қажетті ресурстар:

оқулық, интерактивті тақта,кесте,ребус,суреттер

Бағалау түрі:

Оқушы жауаптарына қарай фишкалар беріп отыру.(формативті бағалау)

Сыныпты ұйымдастыру:

сәлемдесу,бір-біріне тілек айту арқылы көңіл-күй ахуалын тудыру.

Уақытты жоспарлау

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту(3мин)

Психолгиялық ахуал.

Сыныпта жағымды ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

Шеңбер бойына тұрып,қол ұстасып, тілек айтады.

Топқа бөлу.

Оқушыларға бір-біріне жақсы тілектерді айтқызу.

Өз есімдерінің буын санына қарай топқа бөлу.

1-топ: екі буындылар

2-топ: үш буындылар

Көңіл-күйлері көтеріліп, жақсы қарым-қатынас қалыптасады.

Сабаққа белсенді,қызыға қатысады.

Топтарға бөлініп,топ басшысын өздері сайлайды.

Үй тапсырмасын сұрау (5мин)

«Жеміс теру» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Жеміс суреттерінің артындағы тапсырмаларды орындату.

Балалар бір сәт сергіп қалады.

1-топ: жазылған сөздерден сөз тіркесін құрайды.

2-топ:сөз тіркестерінен сөйлемдер құрайды.

Жаңа сабаққа кіріспе(5мин)





31-жаттығу.

Бір оқушыға шартын оқыту.

Оқушылар сөйлемдерді оқып, өзара салыстырады. Сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.

1.Бірінші бағанды ауызша талдайды.

2. Екінші бағанды дәптерге көшіріп жазады.

3.Ережелерді оқи отырып, Венн диаграммасын салыстыру.


Кесте ілу.

Интерактивті тақтадан мазмұнды сурет көрсету.

Ережені оқу.

Кезек-кезек оқиды,хормен оқиды. Оқушылар сурет бойынша ережеге сай мысалдар келтіреді.

Жұптық жұмыс (5мин)

32-жаттығу.

Негеш пен Білгіштің диалогін оқу.

Диалог арқылы жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік алады.

Топпен жұмыс(6мин)

Дәптермен жұмыс

Тапсырмалар беру.

1топ:33-жаттығудағы сөйлемдерді ажыратып жазады.

2-топ: 34-жаттығудағы құрмалас сөйлемдерді жазады.

Сергіту сәті (3мин)

Жаттығу жасау

АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көңілді жаттығулар жасату.

Жаттығу жасау арқылы балалар сергіп қалады.

Топтық жұмыс(6мин)

Шығармашылық тапсырма.(деңгейлік)

1топ: ребус шешіп, шешуіндегі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады.

2-топ: Сурет бойынша сөйлем құрату. Түрлерін ажырату.

Бағалау(2мин)

Жинаған фишкаларын санау арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

Рефлексия (4мин)

Бүгінгі сабақтан не үйрендім?

Сабақ ұнады ма? Неліктен?

Қай тапсырма сен үшін оңай/қиын болды?



Қорытындылау(4мин)

Үйге тапсырма(2мин)

Ережелерді жаттау. 3жай сөйлем 3 құрмалас сөйлем құрап жазу.