Алғашқы әскери дайындық. 10 «В» сыныбы.
Ашық сабақ жоспары
Күні: 19.10.2016ж.
Сабақ тақырыбы: Қарауылдық қызметтің тағайындалуы, оның мақсаты.
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: қарауылдық қызметтің тағайындалуы, оның мақсаты, қарауыл және сақшы туралы тұсінік беру;
Дамытушылық мақсаты: қарауылдық қызметтің тағайындалуы туралы түсінігін дамыту меңгерту;
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне құрмет көрсетуге, батылдыққа, бастамашылыққа және постты тастап кетпеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар:
АӘД оқулығы 10-сынып;
Плакат «Қарауылдық қызметтің тағайындалуы»;
ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы;
4. Автомат, сүңгі пышақ макеттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, амандасу, сыртқы керінісін тексеру, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест тапсырмасымен жұмыс.
III. Жаңа сабақ.
Қарауылдық қызметтің тағайындалуы және оның мақсаты.
ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық қызметі жарғысының 105-бап бойынша қарауылдың қызметті атқаруы - жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамның қызметі дәл орындауы мейлінше қырағылықты, батыл шешім қабылдауды талап етеді.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
106-бап бойынша. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жауынгерлік міндеттерін орындау үшін сондай-ақ гауптвахта және тәртіптілік батальонында ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше - қарауыл деп аталады.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (корабльдік) болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл - жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады. Ішкі (корабльдік) қарауыл - бір әскер бөлімінің (корабльдік) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.
107-бап бойынша. Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, ал гарнизондық гауптвахта жанындағы қарауыл оған қоса гауптвахта бастығына бағынады.
108-бап бойынша. Қарауыл құрамына қарауыл бастығы, посттар мен ауысым саны бойынша қарауылдарды постқа таратушылар, ал қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, кузет құрамындағы техника жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі немесе операторлар және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.
Қарауылды, қарауылшыны және сақшыны анықтау.
109-бап. Объектілерді тікелей күзету мен қорғау ұшін жауынгерлік міндеттерді орындаушы қаруланған қарауыл құрамынан сақшылар тағайындалады.
Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жауынгерлік міндеттерін орындаушы, қаруланған қарауыл.
163-бап. Ауысым сақшыға 10-15 қадамға жақын келгенде қарауылды жұмысқа таратушы «Ауысым тоқта» деп дауыс береді де, бір қарауылға постты қабылдап, сақшының ауысуына бақылау жасайды.
165-бап. Постты тапсыруда және дабыл аяқталған соң, сақшы мен постқа жаңа келген қарауыл таратушыға қарап тұрып кезектесіп баяндайды.
Пост және оның жабдықтары.
188-бап. Қарауыл ұй-жайлары мен посттарды техникалық күзет және байланыс құрал-жабдықтарымен жабдықтау, сондай-ақ күзетілетін объектілерді қоршау және оларды осы Жарғыда көзделген жабдықтармен қамтамасыз ету әскери объект бастығына жүктеледі.
109-бап. Пост дегеніміз - сақшыға күзету мен қорғау үшін тапсырылған барлық объектілер, сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе жергілікті жердің бір учаскесі.
Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының төменгі бөлігі 55 см-ден, жоғарғы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықпен бекітіліп, биіктігі 2 м-ден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болу керек.
Күзетілетін объектілер бар аумақта кіре берісте түнде және күндіз жақсы керінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады. Мысалы: «Жүгіруге, өтуге тыйым салынады».
IV. Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың өз бетімен жұмыстары:
1. Оқу плакаттары мен оқулықтарды пайдаланып сабақтың материалдарын бекіту.
2. Пост және оның жабдыктарымен танысу.
3. Посттағы сақшының қаруды ұстау жаттығуларын орындау.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Әр бөлімшенің орындаған тапсырмасын талдау. Кемшіліктерін толықтыру, қосымша нұсқау беру.
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.
VI. Бағалау.
Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Өткен тақырып бойынша дайындалып келу.