№ 142 орта мектеп
Тақырыбы: Геометриялық денелердің өзара қыйылысуы
Сыныбы: 9
Пәні: Сызу
Пән мұғалімі: Кенжебаев Х.
2015-2016 оқу жылы
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық денелердің өзара қиылысуынан пайда болатын өту сызықтарын салуды үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сызба дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материал игеру
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, оқулық,жұмыс дәптері,геометриялық денелердің макеттері,оқушылардың жұмыстарынан көрме
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру,бағалау.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын сұрау
Нәрсенің екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу
Талдау әдісі: 112 – суретті интерактивті тақтадағы үлгі бойынша талдап түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Көптеген техникалық тетікбөлшектер пішіні әр түрлі геометриялық денелерден тұрады. Геометриялық денелердің беттері өзара қиылысады. Сонда тетікбөлшектер беттерінде қиылысу немесе өту сызықтары деп аталатын сызықтар пайда болады.
Қиылысу сызықтарын немесе өту сызықтарын сала білу керек.
Мысал. Бүйір жақтары горизонталь проекциялаушы фигуралар болатын алты бұрышты дұрыс призма мен бүйір жақтары профиль проекциялаушы функциялар болып келген бесбұрышты призманың қиылысу сызығын тұрғызу керек болсын(117- сурет) Қиылысу сызығы төбелер бір жазықта жатьпайтын алтыбұрышты тұйық сынық болатынын байқау қиын емес.Оның А,В,С,Д,Е және Ғ деп белгілейік.Бұл нүктелер дұрыс нүктелері болады.Алтыбұрышты призманың қырлары горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болғандықтан,қиылысу сызығының горизонталь проекциясы болатын А2 В2 С2 Д2 Е2 F2 алтыбұрыш оның горизонталь проекциясымен дәл келеді.Бұл нүктелер бесбұрышты призманың бетінде жатады. Аталған нүктелердің профиль проекциялары да орналасқан призманың ең жоғарғы орналасқан қырынның профиль проекциясы болатын нүктелер жатады (А3 = Д3)
Мысал. Горизонталь орналасқан параллелепипедтің төртбұрышты дұрыс пирамидамен қиылысу сызығын салу керек(118- сурет)
Қиылысу сызығының профиль проекциясын бірден көрсетуге болады. Қиылысу сызығы тағы да кеңістікте орналасқан бір жазықтықта жатпайтын алтыбұрышты тұйық сызық болады. Оның төбелерін 1,2,3,4,5 және 6 цифрларымен белгілеп,олардың фронталь және горизонталь проекцияларын тұрғызуға кірісейік.1 және 4 нүктелерінің фронталь проекциялары 11 және 41 нүктелері пирамиданың сол жақ қырынның проекциясы бойынан оңай табылады.Осы қырдың горизонталь проекциясы бойынан 12 және 41 арқылы вертикаль сызықтарын жүргізудің нәтижесінде анықталады. Қалған төрт нүктенің фронталь және горизонталь проекцияларын табу үшін призманың үстіңгіжәне астынғы жақтары арқылы горизонталь орналасқан жазықтар жүргізілген деп қарастырайық. Бұл жазықтар пирамиданы оның табанына ұқсас төртбұрыштар бойымен қияды. Осы төтбұрыштардың горизонталь проекцияларын салайық. 12 нүктесі арқылы пирамида табанының қырларына параллель түзулер жүргіземіз. Бұл түзулердің пирамиданың бүйір қабырғаларымен қиылысу нүктелерін тауып,олар арқылы тағы да табан қырларына параллель түзулер жүргізсек,іздеп отырған төртбұрышымызды аламыз. Осы төртбұрыштың призма қырларымен қиылысу нүктелері - 22 және 62 табылады. 22 және 62 нүктелері бойынша олардың фронталь проекциялары - 21 және 61 нүктелері табылады.Бұл төртбұрыш қиылысу сызығының құралған екі төбесін -3 және 5 нүктелерін анықтайды.
4. Тапсырмаларды орындау.
Жаңа сабақты игеру барысында А-4 пішініне 117,118 – і сызбаны орындау.
5.Сабақты бекіту.
Геометриялық денелердің макеттерін қиылыстыру арқылы тетік бөлшектерін беттеріндегі қиылысу немесе өту сызықтарын тағы бір қайталап,пысықтау.
6.Үйге тапсырма беру.
Сызба тапсырмалар жинағы. Ж.Қыстаубаев. 18,19 тапсырманы орындау.