Медициналық дайындық 11 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып 11. Негізгі тараудың аты: 9 тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

  1. Сабақтың тақырыбы: Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көктамырлардан және ұсақ тамырлардан аққанқанды тоқтату әдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері , ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тәртібі

Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (45 мин.)

Өтілу күні: _____

Сабақтың түрі: хабарлама, көрсету, таныстыру,

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Әр түрлі жағдайларда жарақат алғанда дене тінінің бұзылуынан қанның етуі көрсету, оны жылдам және дұрыс тоқтата білу, таңғыштың дұрыстығы мен тазалығына көңіл бөлу туралы мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Қан тоқтатқаннан кейін адамдардың делсалдық жағдайы кезінде оларды дұрыс жатқызу тәсілі, жылы су беру т.б.

3. Тәрбиелік: Бірбіріне көмек беру және тақырыпқа байланысты алғашқы дәрігерлік көмек туралы т.б.

Пән аралық байланыс :Биология, медицина, психология, өзін-өзі тану, дене тәрбиесі

Көрнекіліктер: плакаттар, видио көрсетілімдер, интернет мәліметтері мен интербелсенді тақтаны пайдалану.

Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті. Далада.

Қолданылатын әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады. Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды

2. Қайталау сұрақтары: Жарақат түрлері.

3. Жаңа материалды түсіндіру. Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.

[pic] [pic]


Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату. Қан ағуды тоқтату тәсілдері: 1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді; 2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.

[pic] [pic] [pic]


Артерияны саусақпен қысудың нүктелері: 3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген.

4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады. 5) Көктамырдан және капиллярдан аққан қанды залалсыздандырылған таңғышпен қатты таңып тастау. Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады

Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.


[pic]




Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.


[pic]


Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек.

Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі


[pic]


Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.


[pic]


Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.


[pic]

Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.


[pic]


Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.


[pic]



Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.


[pic]


Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.


4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Қанды тоқтата білу.

5. Үй тапсырмасы: т.9.2..330-332 беттер

6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Апаттар туралы іздестіру.




АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: ___________________________________________