Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) арналуы
мен ұрыстық қасиеті.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Автоматты не үшін және
қандай мақсатта пайдаланылатынын ұғындыру.
Сабақта қолданылатын негізгі модуль:
Қалай оқу керектігін үйрену.
Қосымша модульдер: Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту,
диалогтық оқыту, АКТ,
дарынды балалармен жұмыс.
Сабақтан күтілетін нәтиже: Автоматтың негізгі бөлшектері мен
механизмдерін танып білу.
Оқушыларды бағалау: формативті бағалау және
сумативті бағалау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды бөлімше бойынша
3 топқа бөлу
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
«Үш неліктен» әдісі бойынша сұрау.
Тест әдісі бойынша сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жалпы мәлімет беру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1.«Сұрақтар пирамидасы» әдісі
2. «Постер қорғау» әдісі
V. Бағалау.
VІ. Үй тапсырмасын беру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
«Үш неліктен?» әдісі
Топтағы тәрбиеленушілерге үш парақша таратылады.Сұрақтар неліктен деп басталады.
Топпен ақылдаса зерттей отыра жауап береді.
Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар: пікірталастық әңгіме, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Бұл тапсырманы орындау барысында зерттеушілік әңгіме іске асты.
1.Неліктен оқ ұңғы арнасынан ұшып шығады?
-Патрон ішіндегі дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымының әсерінен.
2.Неліктен ату кезінде дыбыс шығады?
-Себебі оқ соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ол ауамен кезіккенде жарылыс болып дыбыс шығады.
3.Неліктен оқ жерге құлайды?
-себебі оған ауада екі күш әсер етеді: ауырлық күші және ауаның қарсылық күші. Ауырлық күші оқты лақтыру сызығынан бірте бірте көбірек ауытқыта береді.ауаның қарсылық күші оқ қозғалысын бәсеңдете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жағына қарай ауытқытады.
«Тест» әдістері. Үш топқа үш түрлі тест тапсырмалары беріледі.
1.Толықтыру тесті.
2.Таңдамалы тест.
3.Үйлестіру тесті
Толықтыру тесті
1. Саптық адымда аяқ жерден.............см көтеріледі .
А.) 25-35 см Б) 35-40 см В) 15-20 см С) 40-45 см
2. Саптық адыммен минутына ................. адым жасалады.
А)110-120 адым Б)130-140 адым В) 70-80 адым С)165-180адым
3.Қаптал дегеніміз бұл ..................................................
А) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы
Б) Саптың оң (сол) жақ шеті
В) Маңдайшепке қарама –қарсы жақ
С) Сап шеттерінің арасындағы аралық
4. Маңдайшеп дегеніміз бұл ......................................................
А) Маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің арасындағы аралық
Б) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы
В) Лектегі бірінші келе жатқан әскери қызметші
С) Саптың тыл жағы
5.Жорықтық адыммен қозғалыс жасау ............................. пәрмені бойынша басталады.
А) “Адым – бас !” Б) “Саппен адым бас !”
В) “Саппен – адымда!” С) “Орныңда адым – бас !”
6. Сап ені дегеніміз бұл ............................................
А) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы
Б) Сап шеттерінің арасындағы аралық
В) Саптың бірінші қатарынан соңғы қатарына дейінгі аралық
С) Лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші
7. Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін .................... пәрмені беріледі.
А)“Тіктел !” Б)“ Түзел !” В)“Тоқтат !” С)“ Еркін тұр !”
8. .............. адамнан тұратын бөлімше әрқашан да бірқатарда тұрады
А) 4-адам Б) 7-адам В) 9-адам С) 10-адам
9.“Жинақтал !” пәрменінің алдында......................... пәрмені беріледі.
А) “Тіктел !” Б)“Еркін тұр !” В)“Түзел !” С)“Бас киімді шеш!
10. Жүгірумен қозғалыс жасау минутына ....................адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады.
А) 120-130 адым Б) 135-145 адым
В) 165-180 адым С) 185-195 адым
Таңдамалы тест
1. ҚР Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?
а) Премьер министр в) Президент
б) Қорғаныс министрі г) Сыртқы істер министрі
2. ҚР ҚК-нің рәміздеріне не жатады?
а) ТУ,Елтаңба, Ән ұран в) ҚР Президенті
б) Жауынгерлік Ту г) Әскери ант
3. ҚР ҚК –нің әскери анты қашан бекітілді ?
а) 1992 ж. 25 -тамыз в) 1996 ж. 24 мамыр
б) 1991 ж. 18 шілде г) 1998 ж. 15 қаңтар
4. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
а) Жандарбек Мәлібеков в) Шәмші Қалдаяқов
б) Жұмекен Нәжімеденов г) Шәкен Ниязбеков.
5. Қ Р Мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?
а) 1991 ж.16-желтоқсан в) 1995 ж. 30 -тамыз
б) 1992 ж. 7-мамыр г)1992 ж. 4-маусым
6. ҚР Мемлекеттік Әнұраны қашан бекітілді ?
а) 1991 ж. 17- тамыз в) 2004 ж. 21 -қаңтар
б) 1998 ж. 1-наурыз г) 2006 ж. 7-қаңтар
7. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім ?
а) Жұмекен Нәжімеденов , Н.Назарбаев
в) Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов
б) Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев
г) Шохан Уалиханов , Мұхтар Әуезов
8. ҚР Тұңғыш Қорғаныс Министрі кім болды ?
а) Сағадат Нұрмағамбетов в) Сәт Тоқпақбаев
б) Мұхтар Алтынбаев г) Даниял Ахметов
9. ҚР Қорғаныс министрі кім?
а) Даниял Ахметов в) Иманғали Тасмағанбетов
б) Мұхтар Алтынбаев г) Әділбек Жақсыбеков
10. ҚР Қарулы күштері қай жылы құрылды?
а) 1992 ж. 7 мамыр б) 1995 ж. 25наурыз
в) 1998 ж. 12қаңтар г)1993 ж. 25шілде
Үйлестіру тесті
Қарауыл құрамына кіретіндер
Өзіне тапсырылған постыны күзететін және қорғайтын қаруланған қарауыл
Пост дененіміз бұл -
Гарнизондық және ішкі (кемелік)
Сақшы дененіміз бұл -
Қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, жұмысқа таратушылар
Қарауылдар қалай бөлінеді ?
Жауынгерлік туларды,әскери және мемлекеттік обьектілерді күзететін және қорғайтын қаруланған бөлімше
Қарауыл дегеніміз бұл -
Сақшыға берілген белгілі бір орын немесе учаске
Рота бойынша тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?
Сүңгі пышақ
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қызмет өткеретін орыны
“ТІКТЕЛ”
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қаруы
Жауынгерлерден
Ротаға тікелей бастықтары келгенде тәуліктік кезекші қандай пәрмен береді?
Рота бойынша кезекшіге
Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады?
Казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қысқаша мәлімет беру.
Калашников автоматы мен пулеметі.
Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті.
5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес кару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі аткыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың адам күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайкаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүнгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі.
Автоматтан атыс жүргізу үшін жай (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары колданылады.
Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізі-леді. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) жөне ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулемет-терден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорпаты оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пуле-меттің окжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу кашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта - 500 метрге дейін, пулеметте - 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы - 500 м-ге дейін.
Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғыр-ланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі.
Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға - 625 м; пулеметте кеуделік фигураға - 460 м, жүгірмелі фигураға - 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамды-ғы: автоматтан минутына кезекпен ату 100-ге дейін, пулеметтен 150-ге дейін, жекелей атқанда автоматтан 40-қа, пулеметтен 50-ге дейін.
Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы: АК74-3,6 кг; АК74-5,9 кг-АКС74-3,5 кг; АКС74Н-5,8 кг. Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы салмағы -490г.
Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы: РПК 74-5,46 кг; РПК74Н-7,76 кг; РПКС74-5 61 кг; РПКС74Н-7,91 кг.
Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы
туралы түсінік.
Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады.
- үңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;
- үңғы корабының қақпағы;
- газ поршені мен бекітпе жактауы;
- бекітпе;
- қайтармалы механизм;
- ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;
- соқкы-ағытқыш механизм;
- құндақ;
- оқжатар.
Сонымен қатар, автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ, ал пулеметте — жалын сөндіргіш пен сирағы болады. Автомат толымына керек-жарақ, бау жөне оқжатарды салуға арналған сөмке (окжатарда екі сөмке) кіреді.
Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) толымына, сонымен қатар оқжатар салынатын калтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көп салалы көздеуіш кіреді.
[pic]
[pic]
Михаил Тимофеевич Калашников
(1919-2013 ж ж)
1.Калашников автоматын ойлап тапқаны үшін 1947 жылы Михаил Калашников I дәрежелі Сталин сыйлығымен және "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Сыйлық 150 мың рубльді құрады. Бұл ақшаға сол кезде шамамен 10 көлік сатып алуға болатын.
2.1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді. Бірақ қалың көпшіліктің арасында "Калаш" деп аталып кетті.
3. Кеңес Одағы кезінде Калашников автоматын шашып жинауға алғашқы әскери дайындықта алған білім жеткілікті болған.
4. Қарапайым үлгіде жасалғандықтан автомат өте қымбат емес. Тіпті кейбір мемлекеттерде тауықтан да арзан тұрады екен.
5. Foreign Policy журналының бағалауынша Калаш автоматы Үндістанда 4 мың доллар, ал АҚШ-та 70-350 долларды құрайды.
6. Калашников автоматы әлемдегі ең көп таралған автомат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда дүние жүзінде 100 миллионға жуық Калашников автоматы бар.
7. Африканың кейбір елдерінде жаңа туылған сәбиге Калаш деп ат қояды екен. Калашников автоматының құрметіне.
8. Калашников автоматын шығаратын Ижевск қаласының тумасы, Ресей боскетболисті Андрей Киреленко АК-47 деген атқа ие болды. "Юту Джаз" құрамасында 47 нөмірде өнер көрсеткені үшін.
9. Египетте, Синай аралдарының жағалауында арнайы Калашников автоматына ескерткіш орнатылған. Ал Иракта АК -47 автоматының үлгісінде салынған дүкендер бар.
10. 2008 жылы Ресей Федерациясының банктері Калашников автоматының суреті бейнеленген тиындар шығарды.
[pic]
[pic]
[pic]
1 - ұңғы қорабымен, соққы – ағытқыш механизімімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2- ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3- ұңғы қорабының қақпағы; 4- газ поршенді бекітпе жақтауы; 5- бекітпе; 6- қайтармалы механизм; 7- ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8- құндақ; 9- оқжатар; 10- сүңгі пышақ; 11- сүмбі; 12- жабдықтар пеналы;
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. «Сұрақтар пирамидасы» әдісі
Деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1.Оқ атылған кезде қару не себепті кері соғады?
-Ұңғы арнасынан газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай, қаруды арқа да жібереді..
2.Траектория дегеніміз не?
-Ауада ұшу кезінде оқ ауырлығының орталығын сипаттайтын көлбеу сызық .
3.Оқтың алысқа ұшу қашықтығын не арттырады?
-Оқтың бастапқы жылдамдығының артуы.
4. Автоматтан (пулеметтен) неше түрлі оқ атуға болады?
-Автоматтан (пулететтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізуге болады.
5. Автоматтың автоматтық әрекеті неге негізделген?
-Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арнасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.
2. «Постер қорғау » әдісі
3 топқа тапсырмалар беріледі.
1 топ:Автоматтың (пулеметтің) қажеттілігі, арналу мақсаты
2 топ: Автоматтың (пулеметтің) сипаттамасы
3 топ:Автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері
Қару түрі
АКМ
7,62мм
АК -74
5,45мм
РПК – 74 5,45мм
Ұңғы калибрі , мм
Нақты атыс қашықтығы, м
Атудың көзделу қашықтығы,м
Тура атыс қашықтығы:
кеуделік фигураға
жүгіруші фигураға
Шоғырланған атыс қашықтығы, м
жер үстіндегі нысаналар бойынша, м
ұшақтар мен парашютшілер
бойынша, м
Атыс қарқыны, ату/мин
Ұрыстың ату жылдамдығы, ату/мин
үзбей атқанда
жекелей атыспен атқанда
Жарақталған оқжатармен қосқандағы массасы, кг
Сүңгі – пышақтың массасы, г
Оқжатар сыйымдылығы, патрондар
Оқтың шекті ұшу алыстығы, м
Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық, м
Оқтың бастапқы жылдамдығы, м/с
7,62
400
1000
350
525
800-ге дейін
500- ге дейін
600-ге жуық
140-дейін
40-дейін
3,6
450
30
3000
1500
715
5,45
500
1000
440
625
1000-ға дейін
500- ге дейін
600-ге жуық
100-дейін
40-дейін
3,2
490
30
3150
1350
900
5,45
600
1000
460
640
1000-ға дейін
500- ге дейін
600-ге жуық
150-дейін
50-дейін
5,0
-
45
3150
1350
960
Оқушыларды бағалау.
[pic] [pic] [pic]
Барлығы түсінікті Жартылай түсінікті Түсінген жоқпын
Оқушылар әр тапсырма берілген сайын бағалау
смайликтер арқылы өзін-өзі бағалап отырады. Сабақ соңында жиынтық баға бойынша оқушылар бағаланады.
Оқуды бағалау (жиынтық)
Үй тапсырмасы
Тест нәтижесі
Постер қорғау
Оқыту қорытындысын шығару
Оқушылардан кері байланыс алу.
Оқушылар өтілген сабақ туралы өз ойларын: сабақ барысында үйренгені туралы немесе түсінбеген жері болса, келесі сабақтың қалай өткенін қалайтыны туралы өз ойларын стикерлерге (түрлі –түсті қағазға) жазады. Тақтаға іледі.
Үйге тапсырма:. Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті.
Сабақтан көріністер
[pic] [pic] [pic]