Сабақтың тақырыбы: Карта бойынша қашықтықты өлшеу.
Сабақтың мақсаты: 1.Тақырып бойынша түсіндіру.
2. Білімін артыру,дамыту.
3. Отанға деген сүйіспеншілікке , патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың орны: Оқу кабинеті
Көрнекілігі: АӘД плакаттар, АӘД оқулығы, метод журнал
Уақыты: 45 мин
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлімі
І. Ұйымдастыру.
Взвод комендирі сапқа тұрғызады , әскери оқытушыға баяндайды . Сәлемдесу. Әскери формасына , сырт пішіндеріне назар аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыпты және оның мақсаттарын қайталау хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Өлшеуіш-циркульмен өлшеу. Циркульді өзінен сәл еңістеу ұстап, оның инелері өлшейтін кесіндінің шеткі нүктелеріне қойылады (сурет); циркульдің адымын өзгертпей, оны сызықтық масштабқа қойып, сол аяғы нөлдің сол жағынан келетіндей, ал оң аяғы нөлдің оң жағынан, бөлулердің бірінде дәл тұруы тиіс, содан соң ізделінетін қашықтық неше метрге немесе километрге сәйкес келетіні жазылу бойынша есептелінеді.
Картаның сызықтық масштабына сыймайтын ұзын сызықтар бөлшектеніп өлшелінеді. Қисық сызықтағы қашықтық циркуль адымымен (кішігірім адыммен) өлше-неді. Әдетте, циркуль адымының ұзындығы 1 немесе 0,5 см-ге тең.
сурет. Өлшеуіш-
циркульмен сызықтық
масштаб бойынша картада
қашықтықты өлшеу
Маршрут ұзындығын өлшеу
Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшейді (сурет). Қалыпты курвиметрде карта бойынша кашықтықты өлшеу үшін екі шкала болады: бір жағынан — метрлік (0-ден 100 см-ге дейін), екінші жағынан — дюймдік (0-ден 39,4 дюймге* дейін). Бұл аспаптың тәменгі жағындағы айналдыру дөңгелекшесі тісті берілістер жүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығын өлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып, меңзерді шкаланың бастапқы (нөлдік) бөлінісіне қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату керек. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына кебейту керек.
Курвиметр жұмысының дұрыстығын сызықтың белгілі ұзындығын, мысалы, картадағы километрлік тор сызық-тарының арақашықтығын өлшеу жолымен тексереді. 50 см ұзындықты өлшеу кезінде курвиметрдің кателігі 0,25 см-ден аспайды. Маршрут ұзындығы өлшеуіш-циркульмен де өлшене алады.
Карта бойынша өлшенген маршрут ұзындығы нақтылы ұзындықтан біршама қысқа болады, өйткені картаны, әсіресе ұсақ масштабты картаны құрастырғанда, жолдар түзу-ленеді. Таулы-жоталы жерлерде сонымен бірге маршруттық горизонталь жүргізу мен оның шынайы ұзындығының арасында өрлер мен еңістерге байланысты елеулі айыр-машылықтар болады. Осыған байланысты карта бойынша өлшенген маршрутқа түзетулер енгізген жөн. Түзету коэффициенттері (кесте) жергілікті жерлердің әр түрлі типі мен карта масштабтары үшін бірдей емес.
кесте
Әр түрлі типті жергілікті жерлер мен карта масштабтары
үшін түзету коэффициенттері
Жергілікті жердің
сипаты
Карта масшабы үшін түзету коэффициенті
1 : 50 000
1 : 100 000
1 : 200 000
1 : 500 000
Жазық
1,0
1,0
1,05
1,05
Жоталы
1,05
1,10
1,15
1,20
Таулы
1,15
1,20
1,25
1,30
1 дюйм 2,54 см-ге тең.
ІY. Қортынды бөлім . Оқушылардан сұраққа жауап алу .
Y. Сабаққа талдау жасау және оқушылардың білімдерін бағалау.
YІ. Үйге тапсырма.