Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы жаппай жою құралдары..
Сабақтың мақсаты: : 1.Тақырып бойынша түсіндіру.
2. Білімін артыру,дамыту.
3. Отанға деген сүйіспеншілікке , патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың орны: Оқу кабинеті
Көрнекілігі: АӘД плакаттар, АӘД оқулығы, метод журнал
Уақыты: 135 мин
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлімі
І. Ұйымдастыру.
Взвод комендирі сапқа тұрғызады , әскери оқытушыға баяндайды . Сәлемдесу. Әскери формасына , сырт пішіндеріне назар аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыпты және оның мақсаттарын қайталау хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық және биологиялык қарулар жатады. Олар қысқа мерзімде, кең аумактағы саны көп адамдар мен хайуанаттарды зақымдауға қабілетті. Сонымен қатар ядролық қару ғимараттарды, құрылыстарды және т.б. нысандарды қирата алады.
Жаппай жою қаруының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады:
— зақымдаушы факторлардың (ЗФ) әсер етуінің ауқымдылығы;
— ЗФ әрекетінің ұзақтығы;
— кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі;
— үлкен моральдық-психологиялық әсер етуі;
— әскерлердегі жеке құрамның, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандар мен жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізудің қажеттілігі.
Ядролық қару
Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың куаты тротил эквиваленті аркылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылады. Оны ондық, жүздік, мыңдық және миллиондық тоннамен өлшейді.
Шет мемлекеттер әскерлерінде ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу құралы — ракеталар (ядролык соққы берудің негізгі құралы), авиация және артиллерия болып табылады. Одан басқа, бұл мақсатта ядролық фугастар да қолданылуы мүмкін.
Ядролық жарылыстар ауада, түрлі биіктікте, жер (су) үстінде және жер (су) астында жүзеге асырылады. Соған сәйкес, оларды биіктегі, ауадағы, жер үстіндегі (су үстіндегі) және жер астындағы (су астындағы) деп бөлуге болады.
Жарылыс болған нүкте — орталық, ал жер (су) үстіндегі оның проекциясы — ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады. Ядролық жарылыс ұзақ қашықтықтағы қорғалынбаған адамдарды зақымдауға, ашық тұрған техниканы, құрылыстарды және түрлі материалдык құралдарды істен шығаруға қабілетті. Оның негізгі зақымдаушы факторлары: соққы толқын, жарықтык сәулеленуге шалдығу, өткір радиация, радиоактивті зақым және электромагнитті импульс болып жарықтық табылады.
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары
Ядролық оқ-дәрі жарылған кезде секундтың миллионнан бір үлесінде орасан көп мөлшерде энергия бөлініп, ядролық реакцияның өту аймағында температура бірнеше миллиондаған градусқа жетіп, ең үлкен қысым атмосферада миллиардқа жетеді. Жоғары температура мен қысым өте күшті соққы толқынды туғызады.
Соққы толқыны және жарықтық сөулеленумен қатар, ядролық жарылыстың нәтижесінде нейтрондар, ү-кванттар ағымынан тұратын өткір радиация бөлінеді. Жарылыс бұлтында көп мөлшерде радиоактивті өнімдер — бөлініс жарықшақтары болады. Осы бұлттың жылжу жолында одан радиоактивті өнімдер жерге түседі де, соның нәтижесінде жергілікті жер, нысан мен ауа залалданады.
Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электромагнитті импулъс (ЭМИ) түзіледі. Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары осылай пайда болады.
Ядролық жарылыс кезіндегі құбылыстар, белгілі бір мөлшерде өзі өтетін ортаның жайы мен қасиеттеріне байланысты. Көбіне мұндай орта ауада болуы мүмкін.
Ауадагы жарылыс кезінде жарық жарқылдаған соң сфера түріндегі жарқырауық аумақ кұрылады.
[pic]
сурет. Ауадағы ядролық жарылыс барысының сыртқы көрінісі:
а — жарқырауық аумақтың түзілуі; ә — саңырауқұлақ тәрізді бұлттың түзілуі; б— жарылыстан кейін 10—15 мин өткеннен кейінгі көрініс
Жарқырауық аумақтың үстіңгі бетінде температура мен қысым күрт төмендейді. Қызған газ коршаған ауа қабатын ығыстыра, қозғалысқа келтіре отырып, оны тез кеңейтеді. Ауаның бір қабаты екінші қабатын ығыстыра отырып, ауадагы соққы толқын ретінде жарылыс болған жерден біраз қашықтыққа тарайды. Осы кезеңде жарылыс нүктесінен қоршаған кеңістікке өткір радиация мен жарықтық сәулелену бөлінеді. Жарқырауық аумақ уақыт өте суынып, көтеріледі де, кою радиоактивті бұлтқа айналады. Сол уакытта жерден шаңды баған көтеріліп, соның нәтижесінде саңырауқұлак тәрізді бұлт түзіледі. Жарылыстан соң 10— 15 мин өткен соң, бұлт ең биік шегіне дейін көтеріледі, ал бұлттың жоғарғы бөлігінің көтерілу биіктігі ок-дәрінің күшіне қарай 5—20 км-ге жетеді. Сосын бұлттың өзіне тән формасы бұзылып, жел бағытымен қозғала отырып, тарап кетеді
Жер үсті ядролық жарылысы кезіндегі жарқырауық аумақ жарты сфера формасында болады, табаны, негізінен, жер үстінде болады. Егер жер үстіндегі ядролық жарылыс жер бетінде (түйісетін жарылыс) немесе оған тікелей жақын жерде жүргізілсе, бұлтқа көп мөлшерде топырақ көтеріледі. Жер үсті жарылысында жарылыс ауданындағы және оны қозғалыс ауданындағы жергілікті жердің радиоактивті залалдануы ауадағы жарылысқа қарағанда күштірек.
ІY. Қортынды бөлім . Оқушылардан сұраққа жауап алу .
Y. Сабаққа талдау жасау және оқушылардың білімдерін бағалау.
YІ. Үйге тапсырма.