ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Гуманитарлық-педагогикалық колледжі
БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері
___________ А.К. Мамбетова
«___»_______________ 2016 ж.
Тақырыбы: Өзін-өзі тану оқу құралының ерекшелігі
Оқытушы: Ж. С. Сағынтаева
Ақсукент – 2016 ж.
Күні: 04.02.2016 ж.
Тобы: МДО-142/Б
Аудиториясы: 314 кабинет
Пәні: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану оқу құралының ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өзін-өзі тану оқу құралының ерекшелігі жайлы мәлімет бере отырып, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру. Тақырыпты толық меңгеру. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық әрекетін дамыту. Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту. Дүниетанымын дамыту. Өмірге деген көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Мәдениеттілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру. Экологиялық тәрбие беру. Мейірімділікке тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділікке тәрбиелеу. Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, тірек-сызбалар.
Сабақ түрі: Сыни тұрғыда ойлау технологиясы.
Сабақ әдісі: Мәселені шешу, пікірталас.
Пән аралық байланысы: педагогика, өзін-өзі тану, философия, биология әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
Студенттерді топқа бөлу: әр студенттке кеспе қағаздары (кеспе қағаздарда жұмбақ, мақал-мәтел және тақпақтар) беріледі, сол арқылы 3 топқа (білім, өнер, жүрек) болып бөлінеді.
Шаттық шеңбері:
Әр студент қолдарыңа алған үлестірмелі кеспе қағаздарындағы тапсырмаларына жауап беруі керек.
Жұмбақтар:
Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.(кітап)
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі. (қарындаш)
Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған.(бор)
Білімнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.(мектеп)
Қыста киімін тастайды,Көктемде киіне бастайды.(ағаш)
Қолы бар, Саусағы жоқ.Мойны бар, Басы жоқ.(көйлек)
Ұшады қанатсыз,Зырлайды аяқсыз.(Зымыран)
Мақал-мәтелдер:
Ел боламын десең............ түзе. (бесігіңді)
Жақсыдан үйрен,жаманнан........... (жирен)
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық .......кісінің ісі (ер)
Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ........жарымайды. ( ұлтараққа)
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда .............өтей алмайсың.( қарызыңды)
Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде.......... бол (ұлтан)
Ақылы көпті .........алмайды, досы көпті жау алмайды.( дау)
Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін ............келтірер (қыз)
Үш сөзден тұратын тілек:
Елге тілек.
Әкеге
Анаға
Досыңа
Ұстазыңа
Бауырларыңа
Топтастарыңа
Өзіңе
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдістері.
3 топқа төменде көрсетілген сұрақтар бойынша қорғап шығуы керек.
Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері;
Өзін-өзі тану пәнінде өтілетін тақырыптар желісі (мазмұны);
Өзін-өзі тану пәнінің тәрбиелік мәні.
І .Қызығушылықты ояту.
Төменде пирамидада көрсетілген пәндердің өзін-өзі тану пәніне жақындық тұстарын тірек-сызба, суреттеме және шығарма немесе көрініс ретінде көрсету.
Сергіту сәті:
Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің.
Осы тақпақты әр топқа берілген кеспе қағазда (рэп, опера және жаңашыл) көрсетілген жанрда айтып шығуы керек.
ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу).
Өзін-өзі тану рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Сара Алпысқызы
«Өзін-өзі тану-өмірді тану», — дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету.
Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.
Оқу әдістемелік құралда әрбір мәтін, дәйексөз, астарлы әңгіме, өсиет әңгімеге қойылатын сұрақтар қарастырылған. Бұл оқытушыға сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, білім алушы бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік ұстаным ретінде қолдануға ықпалын тигізеді. Әдістемелік құрал дәріс беруші оқытушының әрбір білім алушыға жеке көңіл бөліп, ашылуына бетбұрыс жасауды ұйымдастыруға, сонымен қатар өзін-өзі тануына көмектеседі. Дидактикалық материалдарға бай құрал болып саналады.
Бұл оқу-әдістемелік құрал колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беруші оқытушылар мен мқғалімдерге арналған. Сондай-ақ, өзін-өзі тануға ұмтылған кез келген адамға да өте пайдалы екені сөзсіз.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушының өмірдегі өз орнын табуына, олардың өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп отыруына жағдай жасау. Сонымен қатар баланы айнала қоршаған ортадағы адамдар мен жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, өз бетімен қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Осы аталған тәрбиені жүзеге асыруда мектептерде соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор.
Өзін-өзі тану пәнінің әрбір сабағы әр баланың шабытын арттырып, сенімін ұялатып, өз қажеттілігін өзі өтей алу дәрежесіне жеткізеді. Бала бойындағы мұндай шабыт пен сезім оның жалпы дамуына ғана емес, бала зейінінің шоғырлануына, қызығушылығының артуына, ерік-жігерінің тұрақталуына үлкен әсер етеді. Кеудесіне шабыт пен сезім ұялаған бала осы шабыт пен сезімді әр сабақ барысына қолдана алады.
«Өзін - өзі тану пәні» арқылы жан - жақты дамыған, [link]
«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.
«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту.